О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан № 65 от 7 апреля 2023 года "Об утверждении стандарта организации оказания медицинской реабилитации"

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 28 сентября 2023 года № 152. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 октября 2023 года № 33497

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 7 апреля 2023 года № 65 "Об утверждении стандарта организации оказания медицинской реабилитации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32263) следующие изменения:

      в пункте 16:

      подпункт 3) изложить в следующей редакции:

      "3) третий этап – проведение медицинской реабилитации при оказании первичной медико-санитарной помощи, при оказании специализированной, в том числе высокотехнологичной, медицинской помощи в амбулаторно-поликлинических организациях, дневных стационарах, круглосуточных стационарах, реабилитационных центрах, санаториях, продолжительностью не менее 3 часов в день, а также стационарах на дому, в том числе посредством дистанционной медицинской услуги.";

      пункт 28 изложить в следующей редакции:

      "28. Показанием к медицинской реабилитации является степень нарушения функционирования и ограничений жизнедеятельности для взрослых согласно приложению 3, а для детей согласно приложению 4 к настоящему Стандарту.

      Пациент, в отношении которого проведены мероприятия по медицинской реабилитации на любом этапе при отсутствии нарушений функционирования и ограничения жизнедеятельности (ШРМ-0), не нуждается в продолжении медицинской реабилитации.

      Пациент, имеющий легкое нарушение функционирования и ограничения жизнедеятельности (ШРМ-1), направляется на третий этап медицинской реабилитации.

      Пациент, имеющий умеренное (ШРМ-2) или выраженное (ШРМ-3) нарушение функционирования и ограничения жизнедеятельности, направляется на третий этап медицинской реабилитации.

      Пациент, имеющий выраженное (ШРМ-3) или грубое (ШРМ-4) нарушение функционирования и ограничения жизнедеятельности, направляется на второй этап медицинской реабилитации или третий этап медицинской реабилитации.

      Пациент, имеющий грубое нарушение функционирования и ограничения жизнедеятельности (ШРМ-4), который по объективной причине не может пройти курс реабилитации в учреждении, направляется на третий этап медицинской реабилитации.

      Пациент, имеющий крайнюю степень тяжести функционирования и ограничения жизнедеятельности (ШРМ-5), состояние которого не изменилось после проведения мероприятий по медицинской реабилитации на первом этапе, направляется в медицинские организации паллиативной помощи, до появления у него реабилитационного потенциала.

      Пациенты с крайней степенью тяжести функционирования и ограничения жизнедеятельности, подлежат повторной оценке в первые три месяца ежемесячно, в последующие один раз в три месяца, и при улучшении показателя функционирования и ограничения жизнедеятельности и (или) появления реабилитационного потенциала направляются на второй или третий этап реабилитации.".

      2. Департаменту охраны здоровья матери и ребенка Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Ғиният

"Медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 65 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 152 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 3 қазандағы № 33497 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Медициналық оңалтуды көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 65 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32263 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      16-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) үшінші кезең - медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету кезінде, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, күндізгі стационарларда, тәулік бойғы стационарларда, оңалту орталықтарында, санаторийлерде ұзақтығы күніне кемінде 3 сағат мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету кезінде, сондай-ақ үйдегі стационарларда, оның ішінде қашықтықтан медициналық қызмет көрсету арқылы медициналық оңалту жүргізу.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Медициналық оңалтуға көрсетілімдер осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес ересектер үшін, 4-қосымшаға сәйкес балалар үшін тіршілік әрекетінің жұмыс істеу бұзылысы және шектеу дәрежесі болып табылады.

      Кез келген кезеңде медициналық оңалту іс-шаралары жүргізілген пациентке тіршілік әрекетінің жұмыс істеу бұзылысы және шектеу (ОБШ-0) болмаған жағдайда медициналық оңалтуды жалғастыруды қажет етпейді.

      Тіршілік әрекетінің жұмыс iстеу бұзылысы және шектеуі бар (ОБШ-1) пациент медициналық оңалтудың үшінші кезеңіне жіберіледі.

      Тіршілік әрекетінің жұмыс iстеу бұзылысы және шектеуі орташа (ОБШ-2) немесе айқын (ОБШ-3) көрінетін пациент медициналық оңалтудың үшінші кезеңіне жіберіледі.

      Тіршілік әрекетінің жұмыс iстеу бұзылысы және шектеуі айқын (ОБШ-3) немесе өрескел көрінетін (ОБШ-4) пациент медициналық оңалтудың екінші кезеңіне немесе медициналық оңалтудың үшінші кезеңіне жіберіледі.

      Тіршілік әрекетінің жұмыс iстеу бұзылысы және шектеуі өрескел көрінетін (ОБШ-4) пациент объективті себеппен мекемеде оңалту курсынан өте алмаған жағдайда, медициналық оңалтудың үшінші кезеңіне жіберіледі.

      Бірінші кезеңде медициналық оңалту іс-шаралары жүргізілгеннен кейін жағдайы өзгермеген, жұмыс істеуі бұзылысы мен шектеуі аса ауыр дәрежедегі (ОБШ-5) пациент оңалту әлеуеті пайда болғанға дейін паллиативтік көмек көрсететін медициналық ұйымдарға жіберіледі.

      Тіршілік әрекетінің жұмыс істеу бұзылысы және шектеуі аса ауыр дәрежелі пациенттер алғашқы үш айда ай сайын, кейіннен үш айда бір рет қайта бағалауға жатады және тіршілік әрекетінің жұмыс істеу шектеуі көрсетілімдері жақсарған кезде және (немесе) оңалту әлеуеті пайда болғанға дейін оңалтудың екінші немесе үшінші кезеңіне жіберіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният