Об утверждении Правил гарантирования образовательных кредитов, предоставляемых финансовыми организациями, и определения размера такого гарантирования

Приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 24 октября 2023 года № 320. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 октября 2023 года № 33581.

      В соответствии с подпунктом 61) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила гарантирования образовательных кредитов, предоставляемых финансовыми организациями, и определения размера такого гарантирования.

      2. Департаменту технического и профессионального образования Министерства просвещения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства просвещения Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства просвещения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра просвещения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр просвещения
Республики Казахстан
Г. Бейсембаев

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министр просвещения
Республики Казахстан
от 24 октября 2023 года № 320

Правила гарантирования образовательных кредитов, предоставляемых финансовыми организациями, и определения размера такого гарантирования

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила гарантирования образовательных кредитов, предоставляемых финансовыми организациями, и определения размера такого гарантирования (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 61) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании" и определяют порядок гарантирования образовательных кредитов, предоставляемых финансовыми организациями, и определения размера такого гарантирования.

      2. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) образовательный кредит – деньги, предоставляемые заемщику финансовыми организациями для оплаты обучения на условиях срочности, платности и возвратности;

      2) заемщик – физическое лицо, которому кредитором предоставлен кредит;

      3) финансовая организация (далее – Кредитор) – юридическое лицо, осуществляющее предпринимательскую деятельность по предоставлению финансовых услуг.

Глава 2. Порядок гарантирования образовательных кредитов, предоставляемых финансовыми организациями, и определения размера такого гарантирования

      3. Гарантирование образовательных кредитов производится организацией, основным предметом деятельности которой, в соответствии с пунктом 2 постановления Правительства Республики Казахстан от 1 июня 2005 года № 541 "О реорганизации государственного учреждения "Финансовый центр" Министерства образования и науки Республики Казахстан", является выдача гарантий по образовательным кредитам, предусматривающих исполнение в денежной форме (далее – Гарант).

      4. Гарант выдает Кредитору гарантию по образовательному кредиту, целевым назначением которого является оплата образовательных услуг по образовательным программам технического и профессионального, послесреднего.

      5. Взаимоотношения Гаранта и Кредитора регулируются настоящими Правилами и соглашением о предоставлении образовательных кредитов под гарантию Гаранта, заключенным между Гарантом и Кредитором, по утвержденной Гарантом форме (далее – Соглашение).

      Гарант отвечает перед Кредитором за исполнение обязательств заемщика по договору банковского займа в пределах размера гарантии на условиях, предусмотренных настоящими Правилами и Соглашением.

      6. Гарант в силу своей деятельности не вступает в прямые взаимоотношения с заемщиком.

      7. Предоставление заемщику образовательного кредита в денежной форме для оплаты обучения на условиях срочности, платности и возвратности осуществляется Кредитором, имеющим лицензию на проведение банковских заемных операций.

      8. После обращения заемщика к Кредитору за выдачей образовательного кредита, Кредитор направляет Гаранту заявление в письменной форме на выдачу гарантии и документы, предусмотренные Соглашением.

      9. Гарант рассматривает заявление на выдачу гарантии и документы, представленные Кредитором в течение 3 (трех) рабочих дней со дня их получения.

      По итогам рассмотрения Гарант направляет Кредитору:

      1) гарантийное обязательство;

      2) мотивированный отказ в предоставлении гарантии по основаниям, предусмотренным пунктом 10 настоящих Правил.

      10. Гарант отказывает Кредитору в предоставлении гарантии:

      1) в связи с представлением неверно заполненной формы заявления и (или) неполного пакета документов, определенных Соглашением;

      2) в связи с несоответствием заемщика и (или) образовательного кредита Соглашению и (или) пункту 4 настоящих Правил.

      11. После устранения Кредитором замечаний, указанных в мотивированном отказе Гаранта, Гарант повторно рассматривает заявление на выдачу гарантии и документы Кредитора в соответствии с пунктом 9 настоящих Правил.

      12. Договор банковского займа заключается между Кредитором и заемщиком после получения Кредитором от Гаранта оформленной гарантии.

      13. Кредитор предоставляет заемщику образовательный кредит отдельными траншами, каждый не более чем стоимость обучения за учебный год либо один академический период (семестр, триместр, квартал).

      Кредитор переводит сумму образовательного кредита в безналичном порядке на банковский счет организации образования, реализующей образовательные программы технического и профессионального, послесреднего.

      14. Кредитор направляет Гаранту письменное требование о выплате суммы гарантии с приложением платежных документов и документов по образовательному кредиту в порядке, установленном Соглашением, после неисполнения заемщиком обязательств перед Кредитором по оплате образовательного кредита по договору банковского займа.

      15. Гарант выплачивает сумму гарантии в пределах размера гарантии в соответствии настоящими Правилами и Соглашением.

      16. Все платежи осуществляются в национальной валюте Республики Казахстан.

      17. Действие гарантии по образовательному кредиту прекращается в порядке, предусмотренном Соглашением, без выплаты Гарантом суммы гарантии:

      1) с прекращением договора банковского займа в связи с исполнением обязательств заемщиком;

      2) с уступкой права требования по образовательным кредитам;

      3) с прощением долга Кредитором по договору банковского займа;

      4) при наступлении случаев, предусмотренных статьей 336 Гражданского кодекса Республики Казахстан.

      18. Размер гарантирования образовательных кредитов, предоставляемых финансовыми организациями, является величиной постоянной, составляющей 100 (сто) процентов от суммы остатка основного долга по соответствующему траншу, и не включает сумму штрафов, пени, неустоек в связи с неисполнением заемщиком обязательств по договору банковского займа.

Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 320 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 қазанда № 33581 болып тіркелді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 61) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 24 қазандағы
№ 320 бұйрығына
қосымша

Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 61) тармақшасына сәйкес әзірленді және қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдіктің мөлшерін айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) білім беру кредиті – қаржылық ұйымдар мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен оқыту ақысын төлеу үшін қарыз алушыға беретін ақша;

      2) қарыз алушы – кредитор тарапынан кредит берілген жеке тұлға;

      3) қаржылық ұйым (бұдан әрі – Кредитор) – қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

2-тарау. Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау тәртібі

      3. Білім беру кредиттеріне кепілдік беруді қызметінің негізгі мәні "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қаржы орталығы" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 маусымдағы № 541 қаулысының 2-тармағына сәйкес ақшалай нысанда орындалуды көздейтiн білім беру кредиттері бойынша кепiлдіктер беру болып табылатын ұйым (бұдан әрі – Кепілгер) жүргізеді.

      4. Кепілгер Кредиторға нысаналы мақсаты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметтеріне ақы төлеу болып табылатын білім беру кредиті бойынша кепілдік береді.

      5. Кепілгер мен Кредитордың өзара қарым - қатынасы осы Қағидалармен және Кепілгер бекіткен нысан бойынша Кепілгер мен Кредитор арасында жасалған Кепілгердің кепілдігімен білім беру кредиттерін беру туралы келісіммен (бұдан әрі – Келісім) реттеледі.

      Кепілгер Кредитордың алдында осы Қағидаларда және Келісімде көзделген шарттарда кепілдік мөлшері шегінде банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушының міндеттемелерін орындауына жауап береді.

      6. Кепілгер өз қызметіне байланысты Қарыз алушымен тікелей қарым-қатынасқа түспейді.

      7. Оқу ақысын төлеу үшін мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында ақшалай нысанда қарыз алушыға білім беру кредитін беруді банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар Кредитор жүзеге асырады.

      8. Қарыз алушы білім беру кредитін алу үшін Кредиторға жүгінгеннен кейін Кредитор Кепілгерге Келісімде көзделген жазбаша нысанда кепілдік беруге өтінішті және құжаттарды жолдайды.

      9. Кепілгер Кредитордың кепілдік беруге өтініші мен құжаттарын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды қарайды.

      Қарау қорытындысы бойынша Кепілгер Кредиторға мыналарды жібереді:

      1) кепірлік міндеттеме;

      2) осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша кепілдік беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      10. Кепілгер Кредиторға кепілдік беруден мына жағдайларда бас тартады:

      1) өтініш нысанын дұрыс толтырмау және (немесе) келісімде айқындалған құжаттар топтамасын толық ұсынбау;

      2) қарыз алушының және (немесе) білім беру кредитінің Келісімге және (немесе) осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес келмеуі.

      11. Кредитор Кепілгердің дәлелді бас тартуында көрсетілген ескертулерді жойғаннан кейін Кепілгер Кредитордың өтінішін осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес қоса берілетін құжаттарымен бірге қайта қарайды.

      12. Банктік қарыз шарты Кредитор мен қарыз алушы арасында Кредитор кепілгерден ресімделген кепілдікті алғаннан кейін жасалады.

      13. Кредитор қарыз алушыға білім беру кредитін әрқайсысы бір академиялық кезеңге (семестр, триместр, тоқсан) оқу құнынан аспайтын жеке транштармен береді.

      Кредитор білім беру кредитінің сомасын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының банктік шотына қолма-қол ақшасыз тәртіппен аударады.

      14. Қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша Кредитор алдындағы білім беру кредитін төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған соң Келісімде белгіленген тәртіппен төлем құжаттарын және білім беру кредиті бойынша құжаттарды қоса бере отырып, кепілдік сомасын төлеу туралы жазбаша талап жібереді.

      15. Кепілгер осы Қағидалар мен Келісімге сәйкес кепілдік мөлшері шегінде кепілдік сомасын төлейді.

      16. Барлық төлемдер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүзеге асырылады.

      17. Білім беру кредиті бойынша кепілдіктің қолданысы Келісімде көзделген тәртіппен мына жағдайларда Кепілгер кепілдік сомасын төлеместен тоқтатылады:

      1) қарыз алушы міндеттемелерді орындағандықтан банктік қарыз шарты тоқтатылғанда;

      2) білім беру кредиттері бойынша талап ету құқығы басқаға берілгенде;

      3) Кредитор банктік қарыз шарты бойынша борышты кешіргенде;

      4) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 336-бабында көзделген жағдайлар басталғанда.

      18. Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік мөлшері тиісті транш бойынша негізгі қарыз сомасының 100 %-ын құрайтын тұрақты шама болып табылады және қарыз алушының банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамауына байланысты айыппұлдар, өсімпұлдар және тұрақсыздық айыптырының сомаларын қамтымайды.