О внесении изменения в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 23 января 2019 года № 49 и Министра образования и науки Республики Казахстан от 23 января 2019 года № 32 "Об утверждении Стандартов и требований к оснащению организаций дошкольного и среднего образования системами видеонаблюдения"

Совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 20 декабря 2023 года № 912 и Министра просвещения Республики Казахстан от 21 декабря 2023 года № 385. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 декабря 2023 года № 33798

      ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. В совместном приказе Министра внутренних дел Республики Казахстан от 23 января 2019 года № 49 и Министра образования и науки Республики Казахстан от 23 января 2019 года № 32 "Об утверждении Стандартов и требований к оснащению организаций дошкольного и среднего образования системами видеонаблюдения" (зарегистрирован Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 18239) внести следующее изменение:

      В стандартах и требованиях к оснащению организаций дошкольного и среднего образования системами видеонаблюдения, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 14) пункта 9 изложить в следующей редакции:

      "14) организации дошкольного и среднего образования, подпадающие под категорию объектов, уязвимых в террористическом отношении, оборудуются системами видеонаблюдения в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 мая 2021 года № 305 "Об утверждении требований к организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении"".

      2. Комитету административной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего совместного приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан предоставить в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан и Комитет административной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
_________________ Е. Саденов
      Министр просвещения
Республики Казахстан
_____________ Г. Бейсембаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство юстиции
Республики Казахстан

"Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттарды және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 49 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 32 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 912 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 385 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 25 желтоқсанда № 33798 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттарды және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 49 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 32 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18239 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттар және оларға қойылатын талаптарында:

      9-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) Террористік тұрғыдан осал объектілер санатына жататын мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйелерімен "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына сәйкес жабдықталады".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Е. Саденов
     
      Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
Ғ. Бейсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, иновациялар

      және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрлігі