О внесении изменений в решение маслихата города Нур-Султан от 24 ноября 2021 года № 104/15-VII "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Нур-Султане"

Решение маслихата города Астаны от 30 июня 2023 года № 43/5-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 12 июля 2023 года № 1346-01

      Маслихат города Астаны РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата города Нур-Султан от 24 ноября 2021 года № 104/15-VII "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Нур-Султане" следующие изменения:

      Заголок указанного решения изложить в новой редакции:

      "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Астане";

      пункт 1 решения изложить в новой редакции:

      "1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в городе Астане согласно приложению к настоящему решению.";

      в приложении к указанному решению:

      заголовок изложить в новой редакции:

      "Размер и порядок оказания жилищной помощи в городе Астане";

      пункт 1 приложения изложить в новой редакции:

      "1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище в городе Астане, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Доля предельно допустимых расходов к совокупному доходу малообеспеченной семьи (гражданина) в размере 5 (пяти) процентов.";

      пункт 2 приложения изложить в новой редакции:

      "2. Назначение жилищной помощи осуществляется уполномоченным органом – Государственным учреждением "Управление занятости и социальной защиты города Астаны" (далее – уполномоченный орган).";

      пункт 3 приложения изложить в новой редакции:

      "3. Совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 226 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 20498).";

      пункт 10 приложения изложить в новой редакции:

      "10. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете города Астаны на соответствующий финансовый год малообеспеченным семьям (гражданам)";

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата города Астаны Е. Каналимов

"Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 104/15-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 43/5-VIII шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2023 жылғы 12 шiлдеде № 1346-01 болып тіркелді

      Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 104/15-VII шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы";

      шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген шешімге қосымшада:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі";

      қосымшаның 1-тармағы жаңа редекцияда жазылсын:

      "1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Астана қаласында тұрақты тіркелген және тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысының шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.";

      қосымшаның 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган – "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.";

      қосымшаның 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.";

      қосымшаның 10-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Тұрғын үй көмегін тағайындау Астана қаласының бюджетінде тиісті қаржы жылына көзделген қаражат шегінде аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жүзеге асырылады.";

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихатының төрағасы Е. Каналимов