О признании утратившим силу постановления акимата города Астаны от 17 апреля 2018 года № 04-584 "Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" акимата города Астаны"

Постановление акимата города Астаны от 23 мая 2023 года № 1-970. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 24 мая 2023 года № 1340-01

      В соответствии с пунктом 1 статьи 37 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", акимат города Астаны ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившим силу постановление акимата города Астаны от 17 апреля 2018 года № 04-584 "Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" акимата города Астаны" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1174).

      2. Руководителю Государственного учреждения "Аппарат акима города Астаны" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции города Астаны;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Астаны после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя Государственного учреждения "Аппарат акима города Астаны".

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Астаны Ж. Қасымбек

"Астана қаласы әкімдігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 04-584 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 1-970 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2023 жылғы 24 мамырда № 1340-01 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 37-бабының 1-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласы әкімдігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 04-584 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1174 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек