О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 23 июня 2023 года № А-7/249 "О компенсации расходов за питание отдельным категориям воспитанников дошкольных организаций Акмолинской области"

Постановление акимата Акмолинской области от 27 ноября 2023 года № А-11/540. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 27 ноября 2023 года № 8655-03

      Акимат Акмолинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Акмолинской области от 23 июня 2023 года № А-7/249 "О компенсации расходов за питание отдельным категориям воспитанников дошкольных организаций Акмолинской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8590-03) следующее изменение:

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Компенсировать расходы за питание в полном объеме в дошкольных организациях Акмолинской области, в которых размещен государственный образовательный заказ следующим отдельным категориям воспитанников:

      детям-сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей;

      детям с инвалидностью;

      детям из семей, имеющих право на получение адресной социальной помощи, а также детям из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума;

      детям из многодетных семей.".

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Акмолинской области Амренову А.Б.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Акмолинской области М.Ахметжанов

"Ақмола облысы мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № А-7/249 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № А-11/540 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 қарашада № 8655-03 болып тіркелді

      Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақмола облысы мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № А-7/249 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8590-03 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған Ақмола облысының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленушілердің келесі жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындар толық көлемде өтелсін:

      жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      мүгедектігі бар балаларға;

      атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;

      көп балалы отбасылардан шыққан балаларға.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Акмола облысы әкімінің орынбасары А.Б. Әміреноваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі М.Ахметжанов