О внесении изменений в решение маслихата района Биржан сал от 2 февраля 2021 года № С-2/3 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в районе Биржан сал"

Решение маслихата района Биржан сал Акмолинской области от 18 августа 2023 года № С-4/4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 21 августа 2023 года № 8609-03. Утратило силу решением маслихата района Биржан сал Акмолинской области от 15 августа 2024 года № С-14/5

      Сноска. Утратило силу решением маслихата района Биржан сал Акмолинской области от 15.08.2024 № С-14/5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Маслихат района Биржан сал РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата района Биржан сал "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в районе Биржан сал" от 2 февраля 2021 года № С-2/3 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 8353) следующие изменения:

      в приложении к указанному решению:

      пункт 3 изложить в новой редакции:

      "3. Совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом согласно приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 226 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20498).";

      абзац четыре пункта 4 изложить в новой редакции:

      "расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.";

      пункт 5 изложить в новой редакции:

      "5. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченных семей (граждан) на эти цели в размере 10 (десяти) процентов.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата района Биржан сал Н.Куатова

Біржан сал ауданы мәслихатының 2021 жылғы 2 ақпандағы № С-2/3 "Біржан сал ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2023 жылғы 18 тамыздағы № С-4/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 21 тамызда № 8609-03 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2024 жылғы 15 тамыздағы № С-14/5 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 15.08.2024 № С-14/5 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Біржан сал ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Біржан сал ауданы мәслихатының 2021 жылғы 2 ақпандағы № С-2/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8353 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 "Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) сәйкес есептейді.";

      4 тармағының төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.";

      5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 10 (он) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Біржан сал ауданы мәслихатының төрағасы Н.Куатова