О внесении изменения в решение Бурабайского районного маслихата от 25 декабря 2020 года № 6С-70/10 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Бурабайскому району"

Решение Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 18 апреля 2023 года № 8С-2/2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 3 мая 2023 года № 8548-03. Утратило силу решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 26 декабря 2023 года № 8С-12/11

      Сноска. Утратило силу решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 26.12.2023 № 8С-12/11 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Бурабайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Бурабайского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Бурабайскому району" от 25 декабря 2020 года № 6С-70/10 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8269) следующее изменение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Бурабайскому району, утвержденных указанным решением:

      пункт 5 изложить в новой редакции:

      "5. Меры социальной поддержки, предусмотренные статьей 16 Закона Республики Казахстан "О социальной защите лиц с инвалидностью в Республике Казахстан", подпунктом 2) статьи 10, подпунктом 2) статьи 11, подпунктом 2) статьи 12, подпунктом 2) статьи 13, статьей 17 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", оказываются в порядке, определенном настоящими Правилами.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Бурабайского районного маслихата М.Нурпанова

Бурабай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-70/10 "Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 8С-2/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 3 мамырда № 8548-03 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-12/11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 26.12.2023 № 8С-12/11 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-70/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8269 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабымен, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасымен, 11-бабының 2) тармақшасымен, 12-бабының 2) тармақшасымен, 13-бабының 2) тармақшасымен, 17-бабымен көзделген әлеуметтік қолдау шаралары, осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен көрсетіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай аудандық мәслихаттың төрағасы М.Нурпанова