О внесении изменений в решение Темирского районного маслихата от 11 апреля 2016 года № 15 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Темирском районе"

Решение Темирского районного маслихата Актюбинской области от 11 мая 2023 года № 28. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 16 мая 2023 года № 8350. Утратило силу решением Темирского районного маслихата Актюбинской области от 8 сентября 2023 года № 78

      Сноска. Утратило силу решением Темирского районного маслихата Актюбинской области от 08.09.2023 № 78 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Темирский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Темирского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Темирском районе" от 11 апреля 2016 года № 15 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4903) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Темирском районе, утвержденных указанным решением:

      пункт 6 изложить в новой редакции:

      "6. Социальная помощь к праздничным дням оказывается единовременно в виде денежных выплат следующим категориям граждан:

      1) День Победы – 9 мая:

      ветеранам Великой Отечественной войны – в размере 2 140 000 (двух миллионов ста сорока тысяч) тенге;

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986–1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях – в размере 230 000 (двухсот тридцати тысяч) тенге;

      военнослужащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза Советских Социалистических Республик, исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды, или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия – в размере 230 000 (двухсот тридцати тысяч) тенге;

      лицам, которым инвалидность установлена вследствие катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, ядерных испытаний, и их дети, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей – в размере 230 000 (двухсот тридцати тысяч) тенге;

      военнообязанным, призывавшимся на учебные сборы и направлявшимся в Афганистан в период ведения боевых действий – в размере 230 000 (двухсот тридцати тысяч) тенге;

      военнослужащим Республики Казахстан, выполнявшим задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско–афганском участке в период с сентября 1992 года по февраль 2001 года – в размере 230 000 (двухсот тридцати тысяч) тенге;

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, принимавшим участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе в период с 1986 по 1991 годы года – в размере 230 000 (двухсот тридцати тысяч) тенге;

      семьям военнослужащих, погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время – в размере 150 000 (ста пятидесяти тысяч) тенге;

      супруге (супругу) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лица, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруга (супруг) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак – в размере 150 000 (ста пятидесяти тысяч) тенге;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – в размере 100 000 (ста тысяч) тенге;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – в размере 100 000 (ста тысяч) тенге;

      семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия – в размере 100 000 (ста тысяч) тенге;

      2) день Конституции Республики Казахстан – 30 августа:

      лицам с инвалидностью, получающим государственные социальные пособия – в размере 50 000 (пятидесяти тысяч) тенге;

      3) День Независимости – 16 декабря:

      лицам, принимавшим участие в событиях 17–18 декабря 1986 года на территории Казахстана, реабилитированным в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "О реабилитации жертв массовых политических репрессий" – в размере 120 000 (ста двадцати тысяч) тенге.";

      подпункт 2) пункта 7 изложить в новой редакции:

      "2) гражданам, имеющим социально–значимые заболевания, а именно:

      лица, страдающие онкологическими заболеваниями и лица, страдающие туберкулезным заболеванием, находящиеся на амбулаторном лечении, согласно списков, представленных государственным коммунальным предприятием "Темирская районная больница" на праве хозяйственного ведения государственного учреждения "Управление здравоохранения Актюбинской области", а также лица, инфицированные вирусом иммунодефицита человека, согласно справок, предоставляемых государственным коммунальным предприятием "Областной центр по профилактике и борьбе со СПИД" на праве хозяйственного ведения государственного учреждения "Управление здравоохранения Актюбинской области", без учета дохода, ежемесячно, но не более 6 (шести) месяцев в году – в размере 10 (десяти) месячных расчетных показателей;".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Темирского
районного маслихата
Б. Шаимов

Темір аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 15 "Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 мамырдағы № 28 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 16 мамырда № 8350 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 78 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 08.09.2023 № 78 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Темір аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Темір аудандық мәслихатының "Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 15 шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4903 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      6–тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) 9 мамыр – Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 2 140 000 (екі миллион бір жүз қырық мың) теңге мөлшерiнде;

      1986–1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай–ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға – 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай–ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге – 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата–анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына – 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      1986-1991 жылдар аралығындағы Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерінде;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерiнде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерiнде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;

      2) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні:

      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектігі бар адамдарға – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;

      3) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні:

      Қазақстан аумағында 1986 жылғы 17–18 желтоқсанда оқиғаларға қатысқан, "Жаппай саяси қуғын–сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған адамдарға – 120 000 (жүз жиырма мың) теңге мөлшерiнде.";

      7–тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар, атап айтқанда:

      амбулаторлық емдеудегі онкологиялық аурулармен ауыратын және туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғалар – "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Темір аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ұсынған тізімдеріне және адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын жұқпасы бар тұлғалар "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ұсынған анықтамаларға сәйкес, табысы есепке алынбай, ай сайын, бірақ жылына 6 (алты) айдан аспайтын уақытта – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір аудандық
мәслихатының төрағасы
Б. Шаимов