Об установлении водоохранных зон и полос Капшагайского водохранилища в административной границе города Қонаев (25 км) Алматинской области

Постановление акимата Алматинской области от 25 декабря 2023 года № 454. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 26 декабря 2023 года № 6062-05

      В соответствии со статьями 39 и 116 Водного кодекса Республики Казaхстан, приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 18 мая 2015 года № 19-1/446 "Об утверждении Правил установления водоохранных зон и полос" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11838) акимат Алматинской области ПОСТАНOВЛЯЕТ:

      1. Установить водоохранные зоны и полосы Капшагайского водохранилища в административной границе города Қонаев (25 км) Алматинской области согласно приложению 1 к настоящему постановлению.

      2. Установить специальный режим хозяйственного использования водоохранных зон и полос Капшагайского водохранилища в административной границе города Қонаев (25 км) Алматинской области согласно приложению 2 к настоящему постановлению.

      3. Государственному учреждению "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Алматинской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Алматинской области;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Алматинской области после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Алматинской области.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Алматинской области

      М. Султангазиев

      "СОГЛАСОВАНО"

      Балкаш-Алакольская бассейновая инспекция

      по регулированию использования и охране

      водных ресурсов Комитета водного хозяйства

      Министерства водных ресурсов и ирригации

      Республики Казахстан

  Приложение 1 к постановлению акимата Алматинской области от 25 декабря 2023 года № 454

Наименование

Ширина водоохранных зон, метр

Ширина водоохранных полос, метр

1

Установление водоохранных зон и полос Капшагайского водохранилища в административной границе города Қонаев (25 км) Алматинской области

500-1000
(от отметки 479,0 метра балтиской системы)

35-100
(от отметки 479,0 метра балтиской системы)

  Приложение 2 к постановлению акимата Алматинской области от 25 декабря 2023 года № 454

      Специальный режим хозяйственного использования водоохранных зон и полос Капшагайского водохранилища в административной границе города Қонаев (25 км) Алматинской области

      1. В пределах водоохранных полос не допускаются:

      1) хозяйственная и иная деятельность, ухудшающая качественное и гидрологическое состояние (загрязнение, засорение, истощение) водных объектов;

      2) строительство и эксплуатация зданий и сооружений, за исключением водохозяйственных и водозаборных сооружений и их коммуникаций, мостов, мостовых сооружений, причалов, портов, пирсов и иных объектов транспортной инфраструктуры, связанных с деятельностью водного транспорта, промыслового рыболовства, рыбохозяйственных технологических водоемов, объектов по использованию возобновляемых источников энергии (гидродинамической энергии воды), а также рекреационных зон на водном объекте, без строительства зданий и сооружений досугового и (или) оздоровительного назначения. Положение данного подпункта применяется с учетом условий, указанных в статье 145-1 Водного Кодекса Республики Казахстан;

      3) предоставление земельных участков под садоводство и дачное строительство;

      4) эксплуатация существующих объектов, не обеспеченных сооружениями и устройствами, предотвращающими загрязнение водных объектов и их водоохранных зон и полос;

      5) проведение работ, нарушающих почвенный и травяной покров (в том числе распашка земель, выпас скота, добыча полезных ископаемых), за исключением обработки земель для залужения отдельных участков, посева и посадки леса;

      6) устройство палаточных городков, постоянных стоянок для транспортных средств, летних лагерей для скота;

      7) применение всех видов пестицидов и удобрений.

      2. В пределах водоохранных зон не допускаются:

      1) ввод в эксплуатацию новых и реконструированных объектов, не обеспеченных сооружениями и устройствами, предотвращающими загрязнение и засорение водных объектов и их водоохранных зон и полос;

      2) проведение реконструкции зданий, сооружений, коммуникаций и других объектов, а также производство строительных, дноуглубительных и взрывных работ, добыча полезных ископаемых, прокладка кабелей, трубопроводов и других коммуникаций, буровых, земельных и иных работ без проектов, согласованных в установленном порядке с местными исполнительными органами, бассейновыми инспекциями, уполномоченным государственным органом в области охраны окружающей среды, государственным органом в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения и другими заинтересованными органами;

      3) размещение и строительство складов для хранения удобрений, пестицидов, нефтепродуктов, пунктов технического обслуживания, мойки транспортных средств и сельскохозяйственной техники, механических мастерских, устройство свалок бытовых и промышленных отходов, площадок для заправки аппаратуры пестицидами, взлетно-посадочных полос для проведения авиационно-химических работ, а также размещение других объектов, отрицательно влияющих на качество воды;

      4) размещение животноводческих ферм и комплексов, накопителей сточных вод, полей орошения сточными водами, кладбищ, скотомогильников (биотермических ям), а также других объектов, обусловливающих опасность микробного загрязнения поверхностных и подземных вод;

      5) выпас скота с превышением нормы нагрузки, купание и санитарная обработка скота и другие виды хозяйственной деятельности, ухудшающие режим водоемов;

      6) применение способа авиаобработки пестицидами и авиаподкормки минеральными удобрениями сельскохозяйственных культур и лесонасаждений на расстоянии менее двух тысяч метров от уреза воды в водном источнике;

      7) применение пестицидов, на которые не установлены предельно допустимые концентрации, внесение удобрений по снежному покрову, а также использование в качестве удобрений необезвреженных навозосодержащих сточных вод и стойких хлорорганических пестицидов.

      При необходимости проведения вынужденной санитарной обработки в водоохранной зоне допускается применение мало- и среднетоксичных нестойких пестицидов.

Алматы облысының Қонаев қаласының әкімшілік шекарасында (25 км) Қапшағай су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы

Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 454 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 26 желтоқсанда № 6062-05 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39 және 116-баптарына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы №19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11838 болып тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Алматы облысының Қонаев қаласының әкімшілік шекарасында (25 км) Қапшағай су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Алматы облысының Қонаев қаласының әкімшілік шекарасында (25 км) Қапшағай су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылықта пайдалану арнайы режимі белгіленсін.

      3. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі

      М. Султангазиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Су ресурстары және ирригация министрлігі

      Су шаруашылығы комитетінің

      Су ресурстарын пайдалануды реттеу

      және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік

      инспекциясы

  Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 454 қаулысына 1-қосымша

Атауы

Су қорғау аймақтарының ені, метр

Су қорғау белдеулерінің ені, метр

1

Алматы облысының Қонаев қаласының әкімшілік шекарасында (25 км) Қапшағай су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулері

500-1000
(балтикалық жүйесінің 479,0 метр белгісінен)

35-100
(балтикалық жүйесінің 479,0 метр белгісінен)

  Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 454 қаулысына 2-қосымша

      Алматы облысының Қонаев қаласының әкімшілік шекарасында (25 км) Қапшағай су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану арнайы режимі

      1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 145-1-бабында көрсетілген шарттарды ескере отырып қолданылады;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.

      2. Су қорғау аймақтарының шегінде:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.