О признании утратившим силу постановления акимата Меркенского района от 05 апреля 2018 года №128 "Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" аппаратов акимов района, сельских округов и районных исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета"

Постановление акимата Меркенского района Жамбылской области от 18 сентября 2023 года № 345. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области от 20 сентября 2023 года № 5081

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", акимат Меркенского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившим силу постановление акимата Меркенского района от 05 апреля 2018 года №128 "Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" аппаратов акимов района, сельских округов и районных исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №3792).

      2. Коммунальному государственному учреждению "Аппарат акима Меркенского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) размещение настоящего постановления на интернет – ресурсе акимата Меркенского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима Меркенского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Меркенского района Ж. Баубеков

Меркі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 05 сәуірдегі "Аудан, ауылдық округтер әкімдері аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" №128 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 345 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 қыркүйекте № 5081 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Аудан, ауылдық округтер әкімдері аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Меркі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 05 сәуірдегі №128 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілер тіркеу тізілімінде №3792 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Меркі ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы оны ресми жарияланғаннан кейін Меркі ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меркі ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Меркі ауданының әкімі Ж. Баубеков