О признании утратившим силу постановление акимата Таласского района Жамбылской области от 30 марта 2018 года №74 "Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" аппаратов акимов района, города районного значения, сельских округов и районных исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета"

Постановление акимата Таласского района Жамбылской области от 8 сентября 2023 года № 220. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области от 31 августа 2023 года № 5077

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", акимат Таласского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившим силу постановление акимата Таласского района Жамбылской области от 30 марта 2018 года №74 "Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" аппаратов акимов района, города районного значения, сельских округов и районных исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №3799).

      2. Коммунальному государственному учреждению "Аппарат акима Таласского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) размещение настоящего постановления на интернет – ресурсе акимата Таласского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима Таласского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Таласского района Н. Жунисбеков

"Аудан, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер әкімдері аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 наурыздағы №74 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 220 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 31 тамызда № 5077 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Аудан, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер әкімдері аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 наурыздағы №74 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3799 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Талас ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы оны ресми жарияланғаннан кейін Талас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Талас ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талас ауданы әкімі Н. Жунисбеков