Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории области Ұлытау

Постановление акимата области Ұлытау от 9 февраля 2023 года № 08/01. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Ұлытау 10 февраля 2023 года № 6-20.

      В соответствии с подпунктом 1-13) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 4-1) статьи 4-4 Закона Республики Казахстан "О средствах массовой информации", приказом исполняющего обязанности Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 19 мая 2021 года № 173 "Об утверждении типовой методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на региональном уровне" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 22807), акимат области Ұлытау ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемую методику определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории области Ұлытау.

      2. Государственному учреждению "Управление общественного развития области Ұлытау" обеспечить размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата области Ұлытау после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области Ұлытау.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Б. Әбдіғалиұлы

  Приложение к
постановлению
Акимата области Ұлытау
от 9 февраля 2023 года
№ 08/01

Методика определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории области Ұлытау

      1. Настоящая Методика определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории области Ұлытау (далее-Методика), разработана в соответствии с пунктом 4-1) статьи 4-4 Закона Республики Казахстан "О средствах массовой информации" и устанавливает алгоритм определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на региональном уровне.

      2. В рамках проведения государственной информационной политики за счет средств местного бюджета стоимость изготовления (подготовка и создание) и размещения информационных материалов в средствах массовой информации (далее – Услуга), определяется в зависимости от базовых цен на услуги, закупаемые для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации за счет средств местного бюджета для каждого вида средства массовой информации согласно приложению к настоящей Методике.

      3. Стоимость Услуги по изготовлению (подготовке и созданию) и размещению информационных материалов в периодических печатных изданиях определяется по формуле:

      1) для газет по формуле Pn=Bn x V x Kq, где:

      Pn (price) – стоимость размещения информационного материала в газетах с учетом налога на добавленную стоимость;

      Bn – базовая цена за один квадратный сантиметр информационного материала, размещаемого в газете;

      V – объем информационного материала, размещаемого в газете, исчисляемый в квадратных сантиметрах;

      Kq – поправочный коэффициент на тираж газеты:

      до 200 000 экземпляров – 1,3;

      до 100 000 экземпляров – 1,15;

      до 50 000 экземпляров – 1;

      до 30 000 экземпляров – 0,9;

      до 20 000 экземпляров – 0,8;

      до 10 000 экземпляров – 0,65;

      до 5 000 экземпляров – 0,5;

      2) для журналов по формуле Pm=Bm x V x Kq, где:

      Pm (price) – стоимость размещения информационного материала в журналах с учетом налога на добавленную стоимость;

      Bm – базовая цена за один квадратный сантиметр информационного материала, размещаемого в журнале;

      V – объем информационного материала, размещаемого в журнале, исчисляемый в квадратных сантиметрах;

      Kq – поправочный коэффициент на тираж журнала:

      до 15 000 экземпляров – 1,2;

      до 10 000 экземпляров – 1,1;

      до 8 000 экземпляров – 1;

      до 5 000 экземпляров – 0,9;

      до 3 000 экземпляров – 0,8;

      до 1 000 экземпляров – 0,7.

      4. Стоимость Услуги по изготовлению (подготовке и созданию) и размещению информационных материалов в интернет-ресурсе определяется по формуле Pi=Bi x V x Kq, где:

      Pi (price) – стоимость размещения информационного материала в интернет- ресурсе с учетом налога на добавленную стоимость;

      Bi – базовая цена за один символ информационного материала, размещаемого в интернет-ресурсе;

      V – объем информационного материала, размещаемого в интернет-ресурсе, исчисляемый в символах;

      Kq – поправочный коэффициент для учета среднемесячного количества посещений интернет-ресурса уникальными пользователями:

      до 500 000 посетителей в месяц – 1;

      до 1 000 000 посетителей в месяц – 1,1;

      до 2 000 000 посетителей в месяц – 1,2;

      до 5 000 000 посетителей в месяц – 1,3;

      свыше 5 000 000 посетителей в месяц – 1,4.

      5. Стоимость Услуги по изготовлению (подготовке и созданию) и размещению информационных материалов на телевидение определяется по формуле Ptv=Btv x V, где:

      Ptv (price) – стоимость размещения информационного материала в телевидение с учетом налога на добавленную стоимость;

      Btv – базовая цена за одну секунду, минуту, серию информационного материала, размещаемого на телевидение;

      V – объем информационного материала, размещаемого на телевидение, исчисляемый в секундах, минутах, сериях.

      В случае если при формировании государственного информационного заказа не учитываются разделения по жанрам телевизионных программ, то стоимость производства и размещения телевизионных программ рассчитывается по базовой цене (Btv).

      6. Стоимость Услуги по изготовлению (подготовке и созданию) и размещению информационных программ и аудиороликов на радио определяется по формуле Pr=Br x V, где:

      Pr (price) – стоимость размещения информационной программы в эфире радиоканала с учетом налога на добавленную стоимость;

      Br – базовая цена за одну минуту информационной программы, размещаемого в эфире радиоканала, за одну секунду аудиоролика на радиоканале;

      V – объем информационной программы, размещаемого в эфире радиоканала, исчисляемый в минутах.

  Приложение
к Методике определения
стоимости услуг, закупаемых для
проведения государственной
информационной политики в
средствах массовой информации
на территории области Ұлытау

Базовые цены на услуги, закупаемые для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории области Ұлытау

      Сноска. Приложение – в редакции постановления акимата области Ұлытау от 05.02.2024 № 07/01 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Наименование услуги

Единица измерения

Базовая цена (тенге)

1.

Изготовление (подготовка и создание) и размещение информационных материалов в периодических печатных изданиях (газетах) (Bn)

квадратный сантиметр

1172

2.

Изготовление (подготовка и создание) и размещение информационных материалов в периодических печатных изданиях (журналах) (Bm)

квадратный сантиметр

500

3.

Изготовление (подготовка и создание) и размещение информационных материалов в интернет-ресурсе (Bi)

символ

150

4.

Изготовление (подготовка и создание) и размещение информационных материалов на телевидение (сюжеты, программы), в эфире телеканалов, входящих в перечень обязательных теле-, радиоканалов (Btv)

минута

460 950

5.

Изготовление (подготовка и создание) и размещение информационных материалов на телевидение (сюжеты, программы), в эфире телеканалов, входящих в перечень теле-, радиоканалов свободного доступа, распространяемых национальным оператором телерадиовещания на территории области Ұлытау, за исключением телеканалов, входящих в перечень обязательных теле-, радиоканалов (Btv)

минута

16 800

6.

Изготовление (подготовка и создание) и размещение информационных программ и аудиороликов на радио (Br)

минута

17 000


Ұлытау облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 08/01 қаулысы. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 10 ақпанда № 6-20 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 4-4-бабының 4-1) тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының "Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 тіркелген) сәйкес Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ұлытау облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. "Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Ұлытау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Б. Әбдіғалиұлы

  Ұлытау облысы
әкімдігінің
2023 жылғы 9
ақпандағы
№ 08/01
қаулысына қосымша

Ұлытау облысының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

      1. Ұлытау облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 4-4-бабының 4-1) тармағына сәйкес әзірленді және өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

      2. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу шеңберінде ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру (бұдан әрі – Көрсетілетін қызмет) құны осы бұқаралық ақпарат құралдары әрбір түрі үшін осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағаларына байланысты айқындалады.

      3. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру бойынша Көрсетілетін қызмет құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pn (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды газеттерде орналастыру құны;

      Bn – газетте орналастырылатын ақпараттық материалдың бір шаршы сантиметрі үшін базалық баға;

      V – шаршы сантиметрмен есептелетін, газетте орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;

      Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:

      200 000 данаға дейін – 1,3;

      100 000 данаға дейін – 1,15;

      50 000 данаға дейін – 1;

      30 000 данаға дейін – 0,9;

      20 000 данаға дейін – 0,8;

      10 000 данаға дейін – 0,65;

      5 000 данаға дейін – 0,5;

      2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pm (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалды журналдарда орналастыру құны;

      Bm – журналда орналастырылатын ақпараттық материалдың бір шаршы сантиметр үшін базалық баға;

      V – шаршы сантиметрмен есептелетін, журналда орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;

      Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:

      15 000 данаға дейін – 1,2;

      10 000 данаға дейін – 1,1;

      8 000 данаға дейін – 1;

      5 000 данаға дейін – 0,9;

      3 000 данаға дейін – 0,8;

      1 000 данаға дейін – 0,7.

      4. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды интернет-ресурста орналастыру бойынша Көрсетілетін қызмет құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pi (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды интернет-ресурста орналастыру құны;

      Bi – интернет-ресурста орналастырылатын ақпараттық материалдың бір символы үшін базалық баға;

      V – символмен есептелетін, интернет-ресурста орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;

      Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:

      айына 500 000 кірушіге дейін – 1;

      айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;

      айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;

      айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;

      айына 5 000 000 кірушіден астам болса – 1,4.

      5. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды телевизияда орналастыру бойынша Көрсетілетін қызмет құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Ptv (price) – қосымша құн салығы есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды телевизияда орналастыру құны;

      Btv – телевизияда орналастырылатын ақпараттық материалдың бір секунды, минуты, сериясы үшін базалық баға;

      V – секундпен, минутпен, сериялармен есептелетін, телевизияда орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі.

      Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру құны базалық (Btv) болады.

      6. Ақпараттық материалдарды және аудиороликтерді әзірлеу (дайындау және құру) және оларды радиода орналастыру бойынша Көрсетілетін қызмет құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pr (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды радиоарнаның эфирінде орналастыру құны;

      Br – радиоарна эфирінде орналастырылатын ақпараттық бағдарламаның бір минуты, радиоарнадағы аудиороликтің бір секунды үшін базалық баға;

      V – минутпен есептелетін, радиоарна эфирінде орналастырылатын ақпараттық бағдарламаның көлемі.

  Ұлытау облысының аумағындағы
бұқаралық ақпарат құралдарында
мемлекеттік ақпараттық саясатты
жүргізу үшін сатып алынатын
көрсетілетін қызметтердің құнын
айқындау әдістемесіне қосымша

Ұлытау облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ұлытау облысы әкімдігінің 05.02.2024 № 07/01 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

Базалық баға (теңге)

1.

Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды мерзімді баспасөз басылымдарында (газеттерде) орналастыру (Bn)

шаршы сантиметр

1172

2.

Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды мерзімді баспасөз басылымдарында (журналдарда) орналастыру (Bm)

шаршы сантиметр

500

3.

Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды интернет-ресурста орналастыру (Bi)

символ

150

4.

Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналар эфирінде, телевизияда (сюжеттер, бағдарламалар) орналастыру (Btv)

минут

460 950

5.

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Ұлытау облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналардың эфирінде ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды телевизияда (сюжеттер, бағдарламалар) орналастыру (Btv)

минут

16 800

6.

Ақпараттық бағдарламалар мен аудиороликтерді әзірлеу (дайындау және құру) және радиода орналастыру (Br)

минут

17 000