Об утверждении минимального размера расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиумана 2023 год по городу Талдыкорган

Решение маслихата города Талдыкорган области Жетісу от 22 мая 2023 года № 3-21. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Жетісу 25 мая 2023 года № 34-19

      В соответствии с пунктом 1 статьи 10-3 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 30 марта 2020 года №166 "Об утверждении Методики расчета сметы расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, а также методики расчета минимального размера расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 20284) Талдыкорганский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить минимальный размер расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума на 2023 год по городу Талдыкорган в сумме 27 тенге за один квадратный метр.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения возникшие с 1 января 2023 года.

      Председатель Талдыкорганского городского маслихата Т. Ахажан

Талдықорған қаласы бойынша 2023 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 мамырдағы № 3-21 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 25 мамырда № 34-19 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3 бабы 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы №166 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 болып тіркелген) сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Талдықорған қаласы бойынша 2023 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері бір шаршы метр үшін 27 теңге сомасында бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы Т. Ахажан