Об утверждении минимального размера расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума по Аксускому району на 2023 год

Решение Аксуского районного маслихата области Жетісу от 5 июня 2023 года № 7-34. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Жетісу 8 июня 2023 года № 36-19

      В соответствии с пунктом 1 статьи 10-3 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 30 марта 2020 года № 166 "Об утверждении Методики расчета сметы расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 20284), маслихат Аксуского района РЕШИЛ:

      1. Утвердить минимальный размер расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума на 2023 год в сумме 23 тенге за квадратный метр в месяц.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Аксуского районного маслихата Б. Сулейменов

Ақсу ауданы бойынша 2023 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

Жетісу облысы Ақсу аудандық мәслихатынның 2023 жылғы 5 маусымдағы № 7-34 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 8 маусымда № 36-19 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ақсу ауданы мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2023 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері айына бір шаршы метр үшін 23 теңге сомасында бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу аудандық мәслихатының төрағасы Б. Сулейменов