Об определении системы мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников

Решение Карагандинского областного маслихата от 18 апреля 2023 года № 33. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 19 апреля 2023 года № 6384-09.

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения", Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Карагандинский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить систему мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельской местности и поселках, городах районного и областного значения Карагандинской области, путем установления социальной поддержки в виде единовременной выплаты медицинским и фармацевтическим работникам

      Сноска. Пункт 1 – в редакции решения Карагандинского областного маслихата от 22.02.2024 № 144 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Определить порядок и размер оказания им социальной поддержки за счет бюджетных средств, согласно приложению к настоящему решению.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию областного маслихата по социально-культурному развитию и социальной защите населения.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель областного маслихата Н. Кобжанов

  Приложение к решению
Карагандинского областного маслихата
от 18 апреля 2023 года
№ 33

Порядок оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность и поселки, а так же в города районного и областного значения Карагандинской области

      Сноска. Приложение – в редакции решения Карагандинского областного маслихата от 22.02.2024 № 144 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

1. Общие положения

      1. Настоящий порядок социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность и поселки, а также в города районного и областного значения Карагандинской области, определяют порядок принятия мер социальной поддержки, а также финансирования и выплат медицинским и фармацевтическим работникам, направленных для работы в сельскую местность и поселки, а так же в города районного и областного значения.

      2. Основные понятия:

      1) уполномоченный орган по оказанию социальной поддержки (далее - уполномоченный орган) - государственное учреждение "Управление здравоохранения Карагандинской области";

      2) работодатель - организация здравоохранения, финансируемая из соответствующего бюджета, заключившая трудовой договор с медицинским и фармацевтическим работником;

      3) медицинские и фармацевтические работники, направленные для работы в сельскую местность и поселки, а также в города районного и областного значения (далее - работники) - физические лица, имеющие профессиональное медицинское или фармацевтическое образование осуществляющие медицинскую или фармацевтическую деятельность, направленные уполномоченным органом для работы в сельскую местность и поселки, а также в города районного и областного значения.

      3. Социальная поддержка работникам (далее - социальная поддержка) является единовременная помощь, осуществляемая за счет бюджетных средств, в качестве социальной гарантии специалистам, направляемым на срок не менее пяти лет в сельскую местность и поселки, а так же в города районного и областного значения.

      В пятилетний период не включается время нахождения работника в отпуске без сохранения заработной платы, в отпуске без сохранения заработной платы по уходу за ребенком, а также срок временной нетрудоспособности более двух месяцев, удостоверенный листом о временной нетрудоспособности.

      4. Социальная поддержка оказывается медицинским и фармацевтическим работникам, направляемым для работы в сельскую местность и поселки, а так же в города районного и областного значения в следующих в размерах:

      врач акушер-гинеколог, врач педиатр, врач общей практики, анестезиолог-реаниматолог (взрослый и детский), врач кардиолог, врач кардиолог (интервенционный), врач терапевт, врач нейрохирург, врач рентгенолог, врач реабилитолог, врач неонатолог - 5 000 000 (пять миллионов) тенге;

      врач хирург, врач невропатолог, врач офтальмолог, медицинская сестра - 3 000 000 (три миллиона) тенге;

      акушер, фармацевт - 1 500 000 (полтора миллиона) тенге.

      5. Правом на получение социальной поддержки обладает молодой специалист или приглашенный работник, имеющий фактический стаж работы по специальности до 5 (пяти) лет.

      6. Уполномоченный орган проводит конкурс для лиц, направленных в сельскую местность и поселки, а также в города районного и областного значения, претендующие на получение социальной поддержки.

      7. Заявление и документы (копию удостоверения личности, копию диплома о высшем или среднем образовании, копию трудовой книжки, копию приказа о принятии на работу в государственную медицинскую организацию), предоставляемые в уполномоченный орган, рассматриваются в течение 15 календарных дней.

      8. Социальная поддержка не оказывается медицинским и фармацевтическим работникам, проживающим и работающим в сельских округах, находящихся на территории города Караганды и не распространяется на лиц, освобождаемых от отработки в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      9. Оказание социальной поддержки работнику осуществляется за счет средств областного бюджета путем перечисления на его лицевой счет и выплачивается на основании протокола Уполномоченного органа, а также заключения трудового договора с работником.

2. Порядок принятия мер социальной поддержки

      10. По направлению уполномоченного органа работодатель заключает трудовой договор с работником в соответствии с требованиями Трудового кодекса Республики Казахстан.

      11. В случае принятия решения о переводе работника уполномоченным органом в связи с производственной необходимостью, между медицинскими и фармацевтическими организациями, расположенными в сельской местности и поселках, а также в городах районного и областного значения, право на получение социальной поддержки за работником сохраняется.

      В таком случае за перевод в медицинскую и фармацевтическую организацию, расположенной в другой сельской местности социальная поддержка заново не оказывается.

      12. В случае досрочного расторжения трудового договора по инициативе работника либо работодателя, работодатель принимает меры по возврату в доход областного бюджета ранее перечисленных бюджетных средств путем подачи искового заявления в порядке, установленном действующим законодательством Республики Казахстан.

      Возврат ранее выплаченных денежных средств при досрочном расторжении трудовых отношений, предусматривается в трудовом договоре.

      13. Работодатель не позднее 10 рабочих дней с момента утраты работником права на получение социальной поддержки (в случае расторжения трудового договора) извещает об этом уполномоченный орган.

      14. Контроль за исполнением настоящего порядка осуществляет уполномоченный орган.

Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерінің әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау туралы

Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 33 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 19 сәуірде № 6384-09 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қарағанды облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындаcын

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 22.02.2024 № 144 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері айқындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат төрағасы Н. Кобжанов

  Қарағанды облыстық мәслихатының
2023 жылғы 18 сәуірдегі
№ 33
шешіміне қосымша

Қарағанды облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау тәртібі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Қарағанды облыстық мәслихатының 22.02.2024 № 144 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қарағанды облысының ауылдық жерге және кенттерге, сондай-ақ аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары ауылдық жерге және кенттерге, сондай-ақ аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмыс істеу үшін жіберілген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді әлеуметтік қолдау шараларын қабылдау, сондай-ақ қаржыландыру және төлеу тәртібін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

      2. Негізгі ұғымдар:

      1) әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – "Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      2) жұмыс беруші - медициналық және фармацевтикалық қызметкерімен еңбек шартын жасасқан, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымы;

      3) ауылдық жерлерге және кенттерге, сондай-ақ аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмыс істеуге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) - кәсіптік медициналық немесе фармацевтикалық білімі бар, медициналық немесе фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын, уәкілетті орган жұмыс істеу үшін ауылдық жерлерге және кенттерге, сондай-ақ аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жіберген жеке тұлғалар.

      3. Жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) ауылдық жерге және кенттерге, сондай-ақ аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға кемінде бес жыл мерзімге жіберілетін мамандарға әлеуметтік кепілдік ретінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын біржолғы көмек болып табылады.

      Бес жылдық кезеңге қызметкердің жалақысы сақталмайтын демалыста, бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болған уақыты, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақпен куәландырылған екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі енгізілмейді.

      4. Ауылдық жерлерге және кенттерге, сондай-ақ аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмыс істеу үшін жіберілетін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне мынадай мөлшерде әлеуметтік қолдау көрсетіледі:

      дәрігер акушер-гинеколог, дәрігер педиатр, жалпы практика дәрігері, анестезиолог-реаниматолог (ересектер мен балалар), дәрігер кардиолог, дәрігер кардиолог (интервенциялық), дәрігер терапевт, дәрігер нейрохирург, дәрігер рентгенолог, дәрігер реабилитолог, дәрігер неонатолог - 5 000 000 (бес миллион) теңге;

      хирург дәрігер, невропатолог дәрігер, офтальмолог дәрігер, мейіргер - 3 000 000 (үш миллион) теңге;

      акушер, фармацевт - 1 500 000 (бір жарым миллион) теңге.

      5. Мамандығы бойынша 5 (бес) жылға дейін нақты жұмыс өтілі бар жас маман немесе шақырылған қызметкер әлеуметтік қолдау алуға құқылы.

      6. Уәкілетті орган ауылдық жерлерге және кенттерге, сондай-ақ аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жіберілген әлеуметтік қолдау алуға үміткер болатын тұлғалар үшін конкурс өткізеді.

      7. Уәкілетті органға ұсынылатын өтініш пен құжаттар (жеке куәліктің көшірмесі, жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі, еңбек кітапшасының көшірмесі, мемлекеттік медициналық ұйымға жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі) күнтізбелік 15 күн ішінде қаралады.

      8. Қарағанды қаласының аумағында орналасқан ауылдық округтерде тұратын және жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетілмейді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмыс істеуден босатылатын адамдарға қолданылмайды.

      9. Қызметкерге әлеуметтік қолдау көрсету облыстық бюджет қаражаты есебінен оның дербес шотына аудару жолымен жүзеге асырылады және уәкілетті органның хаттамасы, сондай-ақ қызметкермен еңбек шартын жасасу негізінде төленеді.

2. Әлеуметтік қолдау шараларын қабылдау тәртібі

      10. Уәкілетті органның жолдамасы бойынша жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес қызметкермен еңбек шартын жасасады.

      11. Уәкілетті орган қызметкерді өндірістік қажеттілікке байланысты ауыстыру туралы шешім қабылдаған жағдайда, ауылдық жерлерде және кенттерде, сондай-ақ аудандық және облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан медициналық және фармацевтикалық ұйымдар арасында қызметкерге әлеуметтік қолдау алу құқығы сақталады.

      Мұндай жағдайда басқа ауылдық жерде орналасқан медициналық және фармацевтикалық ұйымға ауысқаны үшін әлеуметтік қолдау қайтадан көрсетілмейді.

      12. Жұмыскердің не жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен талап арыз беру арқылы бұрын аударылған бюджет қаражатын облыстық бюджеттің кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылдайды.

      Еңбек қатынастары мерзімінен бұрын бұзылған кезде бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтару еңбек шартында көзделеді.

      13. Жұмыс беруші қызметкер әлеуметтік қолдау алу құқығынан айырылған сәттен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей (еңбек шарты бұзылған жағдайда) бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды.

      14. Осы тәртіптің орындалуын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.