О внесении изменений в решение маслихата от 15 октября 2021 года № 55 "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану"

Решение маслихата района Беимбета Майлина Костанайской области от 25 апреля 2023 года № 13. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 10 мая 2023 года № 10001

      Маслихат района Беимбета Майлина РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану" от 15 октября 2021 года № 55 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 24919) следующие изменения:

      пункт 1 приложения к указанному решению изложить в новой редакции:

      "1. Настоящий порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану разработаны в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью", утвержденными Приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2021 года № 84 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 22394) (далее - Правила возмещения затрат).";

      пункт 4 приложения к указанному решению изложить в новой редакции:

      "4. Возмещение затрат на обучение производится с месяца обращения до окончания срока, установленного в заключении врачебно-консультационной комиссии.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата района Беимбета Майлина Д. Мартин

Мәслихаттың "Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 15 қазандағы № 55 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 13 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 10 мамырда № 10001 болып тіркелді

      Бейімбет Майлин ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 15 қазандағы № 55 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24919 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасының 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. Осы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік - еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету Қағидаларына (бұдан әрі - шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.".

      көрсетілген шешімнің қосымшасының 4-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "4. Оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейімбет Майлин аудан маслихатының төрағасы Д. Мартин