О внесении изменения в решение Павлодарского городского маслихата от 7 апреля 2021 года № 33/3 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи по городу Павлодар"

Решение Павлодарского городского маслихата Павлодарской области от 4 июля 2023 года № 37/4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 11 июля 2023 года № 7372-14. Утратило силу решением Павлодарского городского маслихата Павлодарской области от 27 марта 2024 года № 135/15

      Сноска. Утратило силу решением Павлодарского городского маслихата Павлодарской области от 27.03.2024 № 135/15 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Павлодарский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Павлодарского городского маслихата "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи по городу Павлодар" от 7 апреля 2021 года № 33/3 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7247) следующее изменение:

      приложение к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы К. Кожин

  Приложение
к решению Павлодарского
городского маслихата
от 4 июля 2023 года
№ 37/4
  Приложение
к решению Павлодарского
городского маслихата
от 7 апреля 2021 года
№ 33/3

Размер и порядок оказания жилищной помощи по городу Павлодар Глава 1. Общие положения

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище на территории города Павлодар, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      2. Назначение жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом Государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Павлодара" (далее - уполномоченный орган).

Глава 2. Размер оказания жилищной помощи

      3. Минимальный размер жилищной помощи на оплату коммунальных услуг в месяц составляет 1,5 (одна целая пять десятых) от величины месячного расчетного показателя.

      4. Назначение жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) производится в соответствии нижеследующим нормам:

      - для одиноко проживающих граждан – 30 (тридцать) квадратных метров от общей площади жилища;

      - для семей из 2-х и более человек – 18 (восемнадцать) квадратных метров на одного человека от общей площади жилища.

      Норму потребления электрической энергии определить для потребителей, использующих электрические плиты в размере – 110 (сто десять) киловатт в месяц на одного человека;

      Для потребителей, не использующих электрические плиты – 90 (девяносто) киловатт в месяц на одного человека.

      Норму потребления газа определить десять килограмм на одну семью в месяц.

      5. При исчислении жилищной помощи на оплату потребления коммунальных услуг и услуг связи, арендной платы за пользованием жилищем в случае превышения доли совокупного дохода семьи над расходами от - 500,0 (пятьсот) до 0,0 (ноль) тенге, назначать жилищную помощь в размере 1,5 (одна целая пять десятых) месячного расчетного показателя в месяц, не более одного раза в текущем финансовом году.

Глава 3. Порядок оказания жилищной помощи

      6. Жилищная помощь назначается сроком на один квартал независимо от времени подачи документов в текущем квартале по совокупному доходу и расходам на содержание жилища и коммунальных услуг предыдущего квартала.

      7. Доля предельно-допустимых расходов малообеспеченной семьи (гражданина) в месяц на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу малообеспеченной семьи (гражданина) определяется в размере 5 (пять) процентов.

      8. Совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи" от 24 апреля 2020 года № 226 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20498).

      9. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня на лицевые счета заявителей.

Павлодар қалалық мәслихатының 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 33/3 "Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 4 шілдедегі № 37/4 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 11 шілдеде № 7372-14 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 135 /15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 27.03.2024 № 135/15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Павлодар қалалық мәслихатының "Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 33/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7247 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы К. Кожин

  Павлодар қалалық маслихатының
2023 жылғы 4 шілдедегі
№ 37/4 шешіміне
қосымша
  Павлодар қалалық мәслихаттың
2021 жылғы 7 сәуірдегі
№ 33/3 шешіміне
қосымша

Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі 1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Павлодар қаласының аумағындағы тұрақты тіркелген және тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      2. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган "Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

2 тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері

      3. Коммуналдық қызметтерді төлеуге берілетін тұрғын үй көмегінің ең төменгі мөлшері айлық есептік көрсеткіш шамасынан 1,5 (бір бүтін оннан бес) құрайды.

      4. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі нормаларға сәйкес жүргізіледі:

      - жалғыз тұратын азаматтар үшін-тұрғын үйдің жалпы алаңынан 30 (отыз) шаршы метр;

      - 2 және одан да көп адамнан тұратын отбасылар үшін – тұрғын үйдің жалпы алаңынан бір адамға 18 (он сегіз) шаршы метр.

      Электр энергиясын тұтыну нормасы электр плиталарын пайдаланатын тұтынушылар үшін – бір адамға айына 110 (жүз он) киловатт мөлшерінде белгіленсін;

      Электр плиталарын пайдаланбайтын тұтынушылар үшін-бір адамға айына 90 (тоқсан) киловатт.

      Газ тұтыну нормасы айына бір отбасына он килограмм болып белгіленсін.

      5. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде отбасының жиынтық табысының үлесі шығыстардан 500,0 (бес жүз) теңгеден 0,0 (нөл) теңгеге дейін асқан жағдайда, коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтыну төлеміне, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлеміне ағымдағы қаржы жылында бір реттен артық емес, айына 1,5 (бір бүтін оннан бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тұрғын үй көмегі тағайындалсын.

3-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      6. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанда құжаттарды тапсыру уақытына қарамастан өткен тоқсанның тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге кеткен жиынтық кіріс пен шығыстар бойынша бір тоқсан мерзімге тағайындалады.

      7. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) айына кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға арналған шекті жол берілетін шығыстар үлесі, табысы аз отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде айқындалады.

      8. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен айқындалатын тәртіппен есептейді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген).

      9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушілердің жеке шоттарына жүзеге асырады.