Об утверждении минимального размера расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума на 2023 год по Таскалинскому району Западно-Казахстанской области

Решение Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 2 июня 2023 года № 5-1. Зарегистрирован в Департаменте юстиции Западно-Казахстанской области 8 июня 2023 года № 7201-07

      В соответствии с пунктом 1 статьи 10-3 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" и приказом исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 30 марта 2020 года № 166 "Об утверждении Методики расчета сметы расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, а также методики расчета минимального размера расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20284), Таскалинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить минимальный размер расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума на 2023 год по Таскалинскому району Западно-Казахстанской области в сумме 23 тенге за 1 квадратный метр в месяц.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата Ж. Бисенгалиева

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы бойынша 2023 жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 маусымдағы № 5-1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 8 маусымда № 7201-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 "Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы бойынша 2023 жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері айына 1 шаршы метр үшін 23 теңге сомасында бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Ж. Бисенгалиева