О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 353 "Об утверждении Правил применения разрешительной системы автомобильных перевозок в Республике Казахстан в международном сообщении" и приостановлении его структурного элемента

Приказ Министра транспорта Республики Казахстан от 9 февраля 2024 года № 61. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 февраля 2024 года № 33990

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 4.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 353 "Об утверждении Правил применения разрешительной системы автомобильных перевозок в Республике Казахстан в международном сообщении" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11704) следующее дополнение и приостановить его структурный элемент:

      в Правилах применения разрешительной системы автомобильных перевозок в Республике Казахстан в международном сообщении, утвержденных указанным приказом:

      действие подпункта 6) пункта 19 приостановить до 1 января 2025 года;

      дополнить пунктом 51-2 следующего содержания:

      "51-2. Требования части второй пункта 48 и пункта 51 настоящих Правил не распространяется на перевозчиков, зарегистрированных в государствах-членах Евразийского экономического союза, в случаях если перевозка груза на/с территорию (и) Республики Казахстан, выполняется последовательно несколькими перевозчиками с перегрузкой (погрузкой/выгрузкой) и (или) заменой тягача при наличии отечественных разрешений предыдущего перевозчика.".

      2. Комитету автомобильного транспорта и транспортного контроля Министерства транспорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства транспорта Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра транспорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования и установить, что абзацы четвертый и пятый пункта 1 настоящего приказа действует до 1 января 2025 года.

      Министр транспорта
Республики Казахстан
М. Карабаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

"Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына толықтыру енгізу және оның құрылымдық элементін тоқтата тұру туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 9 ақпандағы № 61 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 ақпанда № 33990 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген) мынадай толықтыру және оның құрылымдық элементін тоқтата тұру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларында:

      19-тармақтың 6) тармақшасының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылсын;

      мынадай мазмұндағы 51-2-тармақпен толықтырылсын:

      "51-2. Осы Қағидалардың 48-тармағының екінші бөлігінің және 51-тармағының талаптары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген тасымалдаушыларға, егер Қазақстан Республикасының аумағынан/аумағына жүктерді тасымалдауды алдыңғы тасымалдаушының отандық рұқсаттары болған кезде тасымалдаушыны қайта тиеу (тиеу/түсіру) және (немесе) ауыстыру арқылы бірнеше тасымалдаушы дәйекті түрде орындаған жағдайда қолданылмайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және осы бұйрықтың 1-тармағының төртінші және бесінші абзацтары 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады деп белгіленсін.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі