О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 19 июля 2019 года № 522 "Об утверждении форм типовых договоров, заявление и анкет по вопросам специальных экономических и индустриальных зон"

Приказ и.о. Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 5 марта 2024 года № 90. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 марта 2024 года № 34127

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития от 19 июля 2019 года № 522 "Об утверждении форм типовых договоров, заявление и анкет по вопросам специальных экономических и индустриальных зон" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19067) следующие изменения:

      пункт 10 Приложения 2 изложить в следующей редакции:

      "10. Настоящий договор заключен сроком на __________ лет, но не более срока создания и функционирования СЭЗ или ИЗ ___________.

      При этом срок действия договора об осуществлении деятельности с участником СЭЗ зависит от категорий, установленных статьей 51 Закона.".

      пункт 6 Приложения 5 изложить в следующей редакции:

      "6. Срок настоящего договора не превышает срока, в течение которого может функционировать данная специальная экономическая зона.

      При этом срок действия договора об осуществлении деятельности зависит от категорий, установленных статьей 51 Закона.".

      2. Департаменту развития промышленной инфраструктуры и внутристрановой ценности Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра промышленности и строительства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра промышленности
и строительства
Республики Казахстан
А. Бейспеков

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

"Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 5 наурыздағы № 90 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 7 наурызда № 34127 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2 қосымшаның 10 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Осы Шарт ________жылға, бірақ АЭА және ИА құру және _________ жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жасалды.

      Бұл ретте АЭА қатысушысымен қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі Заңның 51-бабында белгіленген санаттарға байланысты болады.".

      5 қосымшаның 6 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы Шарттың мерзімі осы арнайы экономикалық аймақ жұмыс істеуі мүмкін мерзімнен аспайды.

      Бұл ретте қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі Заңның 51-бабында белгіленген санаттарға байланысты болады.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
міндетін атқарушы
А. Бейспеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі