О внесении изменений в некоторые приказы Министра обороны Республики Казахстан

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 12 апреля 2024 года № 359. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 апреля 2024 года № 34255

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень некоторых приказов Министра обороны Республики Казахстан, в которые вносятся изменения.

      2. Департаменту военного образования и науки Министерства обороны Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его первого официального опубликования;

      3) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении подпунктов 1) и 2) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра обороны Республики Казахстан по воспитательной и идеологической работе.

      4. Настоящий приказ довести до заинтересованных должностных лиц и структурных подразделений.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны
Республики Казахстан
Р. Жаксылыков

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство науки
и высшего образования
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
Министра обороны
Республики Казахстан
от 12 апреля 2024 года № 359

Перечень некоторых приказов Министра обороны Республики Казахстан, в которые вносятся изменения

      1. В приказ Министра обороны Республики Казахстан от 20 июля 2017 года № 372 "Об утверждении Правил возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение военнослужащих в военных учебных заведениях" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15524) внести следующие изменения:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра обороны Республики Казахстан по воспитательной и идеологической работе.";

      в Правилах возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение военнослужащих в военных учебных заведениях, утвержденных указанным приказом:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. В соответствии с подпунктом 16) пункта 1 статьи 7 и пунктом 10 статьи 26 Закона для курсантов или кадетов отчисленных из высшего военного учебного заведения, подведомственных Министерству обороны Республики Казахстан за неуспеваемость, недисциплинированность, по своей инициативе, в результате увольнения с воинской службы по отрицательным мотивам, в связи с прекращением гражданства Республики Казахстан, а также отказавшийся заключить контракт о прохождении воинской службы, возмещает государству деньги, соответствующие затратам на обеспечение питанием, выплату стипендии и проезд в период его обучения в военном учебном заведении, за исключением затрат первого года обучения.

      Для военнослужащих, обучающихся или окончивших военное учебное заведение в иностранном государстве, в случае увольнения с воинской службы по отрицательным мотивам, в связи с прекращением гражданства Республики Казахстан или по служебному несоответствию, выявившемуся по итогам аттестации, обязан возместить государству расходы за проезд в период его обучения в военном учебном заведении, а также деньги, эквивалентные сумме заключенного контракта между Республикой Казахстан и страной обучения.

      Указанные обязательства не распространяются на курсантов и кадетов, отчисленных в течение первого года обучения в военном учебном заведении и не переведенных на следующий курс, направленных в установленном порядке в воинские части (учреждения) для прохождения оставшегося срока срочной воинской службы.";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Воинская часть (учреждение) через соответствующий орган управления информирует Департамент кадров Министерства обороны Республики Казахстан не позднее 10 рабочих дней об увольнении курсанта, кадета либо офицера по отрицательным мотивам и постановке на воинский учет.";

      пункты 8 и 9 изложить в следующей редакции:

      "8. В период обучения военнослужащего Департамент и военные учебные заведения ежегодно формируют сводный расчет на каждого военнослужащего, и военные учебные заведения приобщают в личные (учебные) дела обучающихся военнослужащих и после отчисления или окончания обучения в месячный срок направляют в местные органы военного управления или в воинскую часть (учреждение).

      9. В случае отказа указанных в пункте 10 статьи 26 Закона военнослужащих, добровольно возместить деньги затраченные на обучение, местные органы военного управления, материалы по возмещению в месячный срок после увольнения передают в суд.

      Суммы затрат на обучение отчисленных или уволенных военнослужащих, подлежащих возмещению, учитываются в департаментах по делам обороны по бухгалтерскому учету.".

      2. В приказ Министра обороны Республики Казахстан от 3 ноября 2018 года № 751 "Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) военными учебными заведениями Министерства обороны Республики Казахстан и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг)" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17730) внести следующее изменение:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра обороны Республики Казахстан по воспитательной и идеологической работе.".

      3. В приказ Министра обороны Республики Казахстан от 1 августа 2017 года № 403 "Об утверждении Правил финансирования оборонных исследований" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15602) следующие изменения:

      преамбулу приказа изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 3 статьи 17 Закона Республики Казахстан "Об обороне и Вооруженных Силах Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра обороны Республики Казахстан по воспитательной и идеологической работе.";

      в Правилах финансирования оборонных исследований, утвержденных указанным приказом:

      пункт 22 изложить в следующей редакции:

      "22. Уполномоченный орган в течение пяти рабочих дней после получения Проекта от Потенциального исполнителя направляет Проект в военный научно-исследовательский центр Национального университета обороны Республики Казахстан (далее – ВНИЦ НУО) для проведения экспертизы Проекта.";

      подпункт 3) пункта 37 исключить;

      пункт 39 исключить.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 359 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 12 сәуірде № 34255 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2024 жылғы 12 сәуірдегі
№ 359 Бұйрықпен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 372 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15524 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Заңның 7-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына және 26-бабының 10-тармағына сәйкес үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, өз бастамасы бойынша, теріс себептермен, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты əскери қызметтен шығару салдарынан əскери оқу орнынан шығарылған, сондай-ақ əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасаудан бас тартқан курсант немесе кадет оқытудың бірінші жылының шығынын қоспағанда, әскери оқу орнында оны оқыту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуге, стипендия төлеуге және жол жүруіне арналған шығынға сәйкес келетін ақшаны мемлекетке өтейді.

      Шет мемлекетте әскери оқу орнында оқып жатқан немесе бітірген әскери қызметшілер үшін теріс себептермен, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты немесе аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сәйкес еместігі бойынша әскери қызметтен шығарылған жағдайда мемлекетке әскери оқу орнында оқу кезеңінде жол жүргені үшін шығысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен оқитын елі арасында жасалған келісімшарт сомасына барабар ақшаны өтеуге міндетті.

      Көрсетілген міндеттемелер әскери оқу орнындағы оқытудың бірінші жылы ішінде оқудан шығарылған және келесі курсқа көшірілмеген, мерзімді әскери қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тәртіппен әскери бөлімге (мекемеге) жіберілген курсанттар мен кадеттерге қолданылмайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Әскери бөлім (мекеме) тиісті басқару органы арқылы курсантты, кадетті не офицерді теріс себептермен шығару және әскери есепке қою туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаментін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Әскери қызметші оқыған кезеңде Департамент және әскери оқу орны жыл сайын әрбір әскери қызметшіге жиынтық есепті қалыптастырады және әскери оқу орны білім алатын әскери қызметшінің жеке (оқу) ісіне тігеді және оқудан шығарылғаннан немесе оқуды бітіргеннен кейін бір ай мерзімде жергілікті әскери басқару органына немесе әскери бөлімге (мекемеге) жібереді.

      9. Заңның 26-бабының 10-тармағында көрсетілген әскери қызметшілер оқуға жұмсалған ақшаны өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда жергілікті әскери басқару органы қызметтен шығарылғаннан кейін бір ай мерзімде өтеу жөніндегі материалдарды сотқа береді.

      Оқудан шығарылған немесе қызметтен шығарылған әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған өтеуге жататын шығын сомасы қорғаныс істері жөніндегі департаментте бухгалтерлік есеп бойынша есепке алынады.".

      2. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 3 қарашадағы № 751 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17730 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.".

      3. "Қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15602 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру қағидаларында:

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Уәкілетті орган жобаны Әлеуетті орындаушыдан алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жобаға сараптама жүргізу үшін жобаны Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери ғылыми-зерттеу орталығына (бұдан әрі – ҰҚУ ӘҒЗО) жібереді.";

      37-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      39-тармақ алып тасталсын.