О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 4 июля 2017 года № 436 "Об утверждении Правил по оценке тренажерных устройств имитации полета в гражданской авиации"

Приказ и.о. Министра транспорта Республики Казахстан от 23 мая 2024 года № 185. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 мая 2024 года № 34406

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 4 июля 2017 года № 436 "Об утверждении Правил по оценке тренажерных устройств имитации полета в гражданской авиации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15458) следующие изменения:

      в Правилах по оценке тренажерных устройств имитации полета в гражданской авиации, утвержденных указанным приказом:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Оценка тренажерных устройств имитации полета в гражданской авиации осуществляется для определения пригодности к эксплуатации в виде первоначальной, периодической и специальной оценки.

      Первоначальная оценка тренажерных устройств имитации полета проводится при первичной установке тренажерного устройства на место эксплуатации.

      Периодическая оценка тренажерных устройств имитации полета проводится ежегодно, за исключением процедурного тренажерного устройства (FPTD), произведенного до 1990 года, периодическая оценка которого проводится раз в три года, с целью удостоверения, что тренажер отвечает стандартным требованиям к его квалификационному уровню.

      Специальная оценка тренажерных устройств имитации полета выполняется при:

      существенном изменении аппаратного и (или) программного обеспечения тренажера, которые могут повлиять на качество управляемости тренажера и воспроизводимые на нем летно-технические характеристики или системы;

      выявлении ситуации, свидетельствующей о том, что работа тренажера не отвечает стандартным требованиям, предъявляемым при проведении первоначальной квалификационной оценки;

      получении заявки о модернизации тренажера для получения более высокого квалификационного уровня;

      перемещении на новое место;

      смене владельца;

      повторном введение в эксплуатацию после длительного периода (более одного года) отключения.";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. В состав комиссии уполномоченной организации в сфере гражданской авиации включаются следующие лица:

      1) пилот, имеющий действующее свидетельство авиационного персонала или имевший свидетельство авиационного персонала;

      2) квалифицированный специалист по вопросам аппаратного, программного обеспечения и компьютерного моделирования тренажерного устройства имитации полета;

      3) пилот, имеющий право выполнения полетов на типе воздушного судна, соответствующего тренажеру, или пилот-инструктор тренажера с квалификацией SFI (synthetic flight instructor), который ранее имел допуск на типе воздушного судна, соответствующего тренажеру.

      Лица, указанные в настоящем пункте занимают должность авиационного инспектора уполномоченной организации в сфере гражданской авиации и проходят обучение по оценке тренажеров.

      При отсутствии в штате уполномоченной организации в сфере гражданской авиации лица, указанного в подпункте 3) настоящего пункта Правил, для оценки тренажеров привлекается лицо со стороны эксплуатанта. При этом не допускается привлечение лица со стороны проверяемого эксплуатанта. Обучение по оценке тренажеров такое лицо не проходит.

      Комиссию по проведению оценки тренажера возглавляет пилот-авиационный инспектор уполномоченной организации в сфере гражданской авиации.";

      пункт 18 изложить в следующей редакции:

      "18. Сертификат выдается сроком на 1 (один) год, за исключением сертификата соответствия процедурного тренажерного устройства (FPTD), произведенного до 1990 года, который выдается сроком на 3 (три) года по форме, согласно приложению 5 к настоящим Правилам.

      Срок действия сертификата определяется с момента его выдачи уполномоченной организацией.".

      2. Комитету гражданской авиации Министерства транспорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства транспорта Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра транспорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра транспорта
Республики Казахстан
М. Калиакпаров

"Азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 436 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 мамырда № 34406 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 436 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15458 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау жөніндегі қағидаларда:

      4-тармақтың мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Пайдалануға жарамдылығын айқындау үшін азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау бастапқы, кезеңдік және арнайы бағалау түрінде жүзеге асырылады.

      Ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бастапқы бағалау тренажерлік құрылғыны пайдаланылатын орында алғаш орнатқан кезде жүргізіледі.

      Тренажердің біліктілік деңгейіне қойылатын стандартты талаптарға жауап беретіндігін куәландыру мақсатында 1990 жылға дейін жүргізілген, мерзімді бағалау үш жылда бір рет жүргізілетін процедуралық тренажер құрылғысын (FPTD) қоспағанда, ұшуды имитациялайтын тренажер құрылғыларын мерзімді бағалау жыл сайын жүргізіледі

      Ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын арнайы бағалау:

      тренажердің басқарылу сапасына және онда жүргізілетін ұшу-техникалық сипаттамаларға немесе жүйелерге әсер етуі мүмкін тренажердің аппараттық және (немесе) бағдарламалық қамтамасыз етуі елеулі өзгергенде;

      тренажер жұмысы бастапқы біліктілік бағалауын жүргізу кезінде қойылатын стандартты талаптарға сәй келмейтінін көрсететін жағдай анықталған кезде;

      жоғарырақ біліктілік деңгейін алу үшін тренажерді жаңғырту туралы өтінім алған кезде;

      жаңа орынға орын ауыстырғанда;

      иесі ауысқанда;

      ұзақ мерзім (бір жылдан аса) сөндіріліп тұрғаннан кейін пайдалануға қайта енгізген кезде орындалады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым комиссиясының құрамына мынадай тұлғалар енгізіледі:

      1) авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар немесе авиация персоналының куәлігі болған ұшқыш;

      2) ұшуды имитациялайтын тренажер құрылғысын аппараттық, бағдарламалық қамтамасыз ету және компьютерлік модельдеу мәселелері бойынша білікті маман;

      3) тренажерге сәйкес келетін әуе кемесінің үлгісінде ұшуды орындауға құқығы бар пилот немесе бұрын тренажерге сәйкес келетін әуе кемесінің үлгісінде рұқсаты болған SFI (synthetic flight instructor) біліктілігі бар тренажердің нұсқаушы-ұшқыш.

      Осы тармақта аталған тұлғалар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторы лауазымын атқарады және тренажерлерді бағалау бойынша оқытудан өтеді.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның штатында Қағидалардың осы тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адам болмаған жағдайда, тренажерлерді бағалау үшін пайдаланушы тарапынан адам тартылады. Бұл ретте тексерілетін пайдаланушы тарапынан адамды тартуға жол берілмейді. Мұндай адам тренажерларды бағалау бойынша оқытудан өтпейді.

      Тренажерге бағалау жүргізу жөніндегі комиссияны азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ұшқыш-авиациялық инспекторы басқарады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 3 (үш) жыл мерзімге берілетін 1990 жылға дейін өндірілген рәсімдік жаттығу құрылғысының (FPTD) сәйкестік сертификатын қоспағанда, Сертификат 1 (бір) жыл мерзімге беріледі.

      Сертификаттың қолданылу мерзімі оны азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген сәттен бастап айқындалады.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Калиакпаров