О приостановлении действия некоторых структурных элементов приказа Министра финансов Республики Казахстан от 13 сентября 2021 года № 927 "Об утверждении формы декларации о доходах и имуществе физического лица и правил ее составления"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 июля 2024 года № 452. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 июля 2024 года № 34747.

      В соответствии с пунктом 1 статьи 46 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Приостановить до 1 августа 2024 года действие подпунктов 3) и 4) пункта 1 приказа Министра финансов Республики Казахстан от 13 сентября 2021 года № 927 "Об утверждении формы декларации о доходах и имуществе физического лица и правил ее составления" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 24367) (далее – Приказ).

      2. На период приостановления подпунктов 3) и 4) Приказа, пункт 2 Правил составления декларации о доходах и имуществе физического лица (форма 270.00) согласно приложению 2 к вышеуказанному Приказу изложить в следующей редакции:

      "2. Декларация представляется ежегодно по состоянию на 31 декабря отчетного налогового периода, начиная с года, следующего за годом, в котором в соответствии со статьей 633 Налогового кодекса возникло обязательство по представлению декларации об активах и обязательствах.

      Декларация (приложение 1) составляется в соответствии с настоящими Правилами и представляется с 2022 года:

      лицами, занимающими ответственную государственную должность, и их супругами;

      лицами, уполномоченными на выполнение государственных функций, и их супругами;

      лицами, приравненными к лицам, уполномоченным на выполнение государственных функций, и их супругами;

      лицами, на которых возложена обязанность по представлению Декларации в соответствии с Конституционным законом Республики Казахстан "О выборах в Республике Казахстан" и законами Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности", "О страховой деятельности", "О рынке ценных бумаг", "О противодействии коррупции";

      с 2024 года:

      работниками государственных учреждений и их супругами, а также работниками субъектов квазигосударственного сектора и их супругами.".

      3. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов Республики Казахстан М. Такиев

"Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрығының кейбір құрылымдық элементтерінің қолданысын тоқтата тұру туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 16 шілдедегі № 452 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 17 шілдеде № 34747 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрығының (бұдан әрі - Бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24367 болып тіркелген) 1-тармағы 3) және 4) тармақшасының қолданысы 2024 жылғы 1 тамызға дейін тоқтатыла тұрсын.

      2. Бұйрықтың 3) және 4) тармақшасының қолданысы тоқтатылған кезеңде Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны жасау қағидаларының (270 нысан) 2-тармағы жоғарыда көрсетілген Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Декларация жыл сайын, Салық кодексінің 633-бабына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындаған жылдан кейінгі жылдан бастап, есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ұсынылады.

      Декларация (1-қосымша) осы Қағидаларға сәйкес жасалады және 2022 жылдан бастап:

      жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары;

      мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары;

      мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары;

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар нарығы туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Декларация табыс ету міндеті жүктелген адамдар;

      2024 жылдан бастап:

      мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары ұсынады.".

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев