О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 119 "Об утверждении Правил присоединения и взаимодействия сетей телекоммуникаций, включая пропуск трафика и порядок взаиморасчетов"

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 2 августа 2024 года № 465/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 августа 2024 года № 34891

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 119 "Об утверждении Правил присоединения и взаимодействия сетей телекоммуникаций, включая пропуск трафика и порядок взаиморасчетов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13340) следующие изменения:

      В Правилах присоединения и взаимодействия сетей телекоммуникаций, включая пропуск трафика и порядок взаиморасчетов, утвержденных указанным приказом:

      в пункте 2:

      подпункт 4) изложить в следующей редакции:

      "4) оператор связи – физическое или юридическое лицо, зарегистрированное на территории Республики Казахстан, оказывающее услуги связи и (или) эксплуатирующее сети связи;";

      подпункт 9) изложить в следующей редакции:

      "9) стандартная точка присоединения (подключения) – средства телекоммуникаций, предназначенные для присоединения одной сети к другой с использованием типовых технических условий;";

      в пункте 11:

      подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) электронная форма разрешения на предоставление услуг в области связи, выданной уполномоченным органом (для операторов связи, деятельность которых подлежит лицензированию);";

      подпункт 5) пункта 11 изложить в следующей редакции:

      "5) электронная форма разрешения на предоставление услуг междугородной и/или международной телефонной связи (для операторов междугородной и/или международной связи).";

      часть вторую пункта 18 изложить в следующей редакции:

      "Операторы междугородной и (или) международной связи обязаны публиковать перечень стандартных точек присоединения (подключения) в соответствии с подпунктом 1) пункта 3-1 статьи 26 Закона Республики Казахстан "О связи".";

      пункты 24, 25, 26 и 27 изложить в следующей редакции:

      "24. Организация присоединения к сети оператора телекоммуникаций основывается на следующих принципах:

      1) предоставление операторам связи информации о стандартных точках присоединения (подключения) и условиях присоединения определяются в соответствии с пунктом 18 настоящих Правил;

      2) соблюдение равных условий присоединения сетей телекоммуникаций и пропуска трафика для всех операторов телекоммуникаций, владельцев сетей, провайдеров телекоммуникаций, оказывающих аналогичные услуги;

      3) предоставление услуг присоединения и пропуска трафика оператором телекоммуникаций другим операторам связи, владельцам сети осуществляется на тех же условиях и технологии пропуска трафика, что и при организации этих услуг оператором телекоммуникаций в рамках своей сети и (или) оказания этих услуг аффилированным лицам;

      4) предоставление детализации счета на оплату услуг присоединения и пропуска трафика;

      5) соблюдение режима конфиденциальности между сторонами в отношении информации о конкурентах и клиентах;

      6) предоставление возможности возмездного использования, на договорной основе, систем синхронизации, систем эксплуатационной поддержки, биллинговых систем, и другого аппаратного и программного обеспечения, необходимого для предоставления новых услуг; "неразделенных" компонентов сетей, в том числе абонентских линий;

      7) предоставление возможности осуществления на договорной основе возмездного использования элементов инфраструктуры (например, зданий, столбов, телефонной (кабельной) канализации, каналов, антенно-мачтовых сооружений и других).

      25. Для операторов телекоммуникаций, Договор присоединения, на основании которого определяются условия оказания услуг присоединения других сетей телекоммуникаций, а также связанные с этим обязательства по взаимодействию сетей и пропуску трафика, является публичным договором.";

      26. При выдаче технических условий на присоединение не допускается дискриминация операторов связи. Оператор телекоммуникаций ставит равные условия присоединения и пропуска трафика для присоединяемых сетей операторов.";

      27. При выполнении присоединяемым оператором всех требований, предусмотренных настоящими Правилами, отказ оператора телекоммуникаций от заключения Договора присоединения не допускается.";

      подпункт 1) пункта 28 изложить в следующей редакции:

      "1) сетей фиксированной местной связи друг с другом, сетей фиксированной связи с сетями подвижной связи (подвижной радиотелефонной связи, транкинговой и сотовой связи), имеющими присоединение к сетям телекоммуникаций общего пользования, осуществляется с выделением соответствующего ресурса нумерации местной сети;";

      пункт 37 исключить;

      часть вторую подпункта 4) пункта 66 изложить в следующей редакции:

      "Расчетные ставки за пропуск межоператорского трафика определяются сторонами договора.".

      2. Комитету телекоммуникаций Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
Ж. Мадиев

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство по защите
и развитию конкуренции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

"Трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидалары және өзара есеп айырысу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 119 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 465/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 2 тамызда № 34891 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидалары және өзара есеп айырысу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 119 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13340 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидалары және өзара есеп айырысу тәртібінде:

      2-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;";

      9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) қосылудың (қосудың) стандартты нүктесі – үлгілік техникалық талаптарды пайдалана отырып бір желіден басқа желіге қосуға арналған телекоммуникация құралдары;";

      11-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге уәкілетті орган берген рұқсаттың электрондық нысаны (қызметі лицензиялауға жататын байланыс операторлары үшін);";

      11-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қалааралық және/немесе халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсетуге рұқсаттың электрондық нысаны (қалааралық және/немесе халықаралық байланыс операторлары үшін).";

      18-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қалааралық және/немесе халықаралық байланыс операторлары "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 3-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жалғанудың (қосылудың) стандартты нүктелерінің тізбесін жариялауға міндетті.";

      24, 25, 26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Телекоммуникацияның операторы желісіне қосуды ұйымдастыру мынадай қағидаттарға негізделеді:

      1) стандартты қосылу (қосу) нүктелер және қосылу талаптары туралы ақпаратты байланыс операторларына ұсыну осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес анықталады;

      2) баламалы қызметтер көрсететін барлық телекоммуникация операторлары, желілердің иелері, телекоммуникация провайдерлері үшін телекоммуникация желілерін қосудың және трафикті өткізудің тең талаптарын сақтау;

      3) телекоммуникация операторының басқа байланыс операторларына, желі иелеріне қосу мен трафикті өткізу қызметтерін көрсетуі осы қызметтерді телекоммуникация операторының өз желісі шеңберінде және (немесе) осы қызметтерді аффилиирленген тұлғаларға көрсеткендегідей талаптарда және трафикті өткізу технологиялары бойынша жүзеге асырылады;

      4) қосылу және трафикті өткізу қызметтеріне төлем жасаудың егжей-тегжейлі шотын ұсыну;

      5) бәсекелестер мен клиенттер туралы ақпаратқа қатысты тараптардың арасында құпиялылық режимін сақтау;

      6) жаңа қызметттер көрсетуге қажетті синхрондау жүйелерін, пайдаланушылық қолдау жүйелерін, биллингтік жүйелер, басқа да аппараттық және бағдарламалық жасақтама; желілердің "бөлінбейтін" компоненттерін, оның ішінде абоненттік желіжолдарды шарттық негізде ақылы пайдалану мүмкіндігін ұсыну;

      7) инфрақұрылым элементтерін (мысалы, ғимараттар, бағаналар, телефон (кәбілдік) кәрізі, арналар, антенна-діңгекті құрылыстар және басқалар) шарттық негізде ақылы пайдалануды жүзеге асыру мүмкіндігін ұсыну.

      25. Телекоммуникация операторлары үшін Қосу шарты жария шарт болып табылады және осының негізінде басқа телекоммуникация желілерін қосу қызметтерін көрсету, сондай-ақ желілердің өзара әрекеттестігі мен трафикті өткізу бойынша осылармен байланысты міндеттемелер анықталады.

      26. Қосылуға техникалық талаптар берген кезде байланыс операторларын кемсітушілікке жол берілмейді. Телекоммуникация операторы операторлардың қосылатын желілері үшін қосылу және трафикті өткізудің тең талаптарын қояды.

      27. Қосылатын оператор осы Қағидаларда көзделген барлық талаптарды орындаған жағдайда телекоммуникация операторының Қосу шартын жасаудан бас тартуына жол берілмейді.";

      28-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосылысы бар тіркелген жергілікті байланыс желілерінің бір-бірімен, тіркелген байланыс желілерінің жылжымалы байланыс желілерімен (жылжымалы радиотелефон байланысы, транкингілік және ұялы байланыс) жергілікті деңгейде қосыла алады, бұл жергілікті желінің тиісті нөмірлеу ресурсын бөлу арқылы жүзеге асырылады;";

      37-тармақ алып тасталсын;

      66-тармақтың 4) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оператораралық трафикті өткізу үшін есептеу мөлшерлемелерін шарт тараптары айқындайды.".

      2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі