О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 марта 2012 года № 25-03-01/82 "Об утверждении Инструкции по проведению учета видов животных на территории Республики Казахстан"

Приказ Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 13 августа 2024 года № 180. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 августа 2024 года № 34928

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 марта 2012 года № 25-03-01/82 "Об утверждении Инструкции по проведению учета видов животных на территории Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7492), следующие изменения:

      в Инструкции по проведению учета видов животных на территории Республики Казахстан, утвержденной указанным приказом:

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. На основании заполненных учетных карточек производится математический расчет численности видов животных и оформляются формы, предназначенные для сбора административных данных согласно приложению 16 к приказу исполняющего обязанности Министра окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан от 29 ноября 2013 года № 363-Ө "Об утверждении форм, предназначенных для сбора административных данных" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9203).

      Формы, предназначенные для сбора административных данных, оформляются в двух экземплярах, один из которых направляется в территориальное подразделение, второй экземпляр остается у субъекта охотничьего хозяйства.";

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Учетные карточки с математическими расчетами хранятся пользователями животным миром и в территориальном подразделении в течение пяти лет со дня их заполнения, формы, предназначенные для сбора административных данных, хранятся в территориальном подразделении постоянно.";

      приложения 2, 3 и 4 исключить.

      2. Комитету лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр экологии и природных ресурсов
Республики Казахстан
Е. Нысанбаев

      "Согласовано"
Бюро национальной статистики
Агентства по стратегическому
планированию и реформам
Республики Казахстан

"Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 25-03-01/82 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 13 тамыздағы № 180 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 14 тамызда № 34928 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 25-03-01/82 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7492 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Толтырылған есепке алу карточкаларының негізінде жануарлар түрлерінің санына математикалық есеп жүргізіледі және "Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9203 болып тіркелген) бұйрығына 16-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар ресімделеді.

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар екі данада ресімделеді, олардың біреуі аумақтық бөлімшеге жіберіледі, екінші данасы аңшылық шаруашылығы субъектілерінде қалады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Математикалық есептеулері бар есепке алу карточкаларын жануарлар дүниесін пайдаланушылар және аумақтық бөлімшеде олар толтырылған күннен бастап бес жыл бойы сақтайды, әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар аумақтық бөлімшеде тұрақты сақталады.";

      2, 3 және 4-қосымшалар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттiгi

      Ұлттық статистика бюросы