О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 14 июля 2023 года № 508 "Об утверждении инструкции по организации антитеррористической защиты объектов питьевого водоснабжения населенных пунктов, уязвимых в террористическом отношении"

Приказ и.о. Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 15 августа 2024 года № 297. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 августа 2024 года № 34937

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 14 июля 2023 года № 508 "Об утверждении инструкции по организации антитеррористической защиты объектов питьевого водоснабжения населенных пунктов, уязвимых в террористическом отношении" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33119) следующие изменения:

      подпункт 4) пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "4) система видеонаблюдения – совокупность камер видеонаблюдения, линий передачи данных, программных и технических средств и хранения видеозаписей, а также программных и (или) технических средств управления, осуществляющих информационный обмен между собой;";

      пункт 53 изложить в следующей редакции:

      "53. Паспорт разрабатывается согласно типовому паспорту антитеррористической защищенности объектов, уязвимых в террористическом отношении, утвержденному совместным приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 14 июня 2023 года № 481 и Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 26 июня 2023 года № 51/қе "Об утверждении типового паспорта антитеррористической защищенности объектов, уязвимых в террористическом отношении" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 32950) в двух экземплярах с одновременной разработкой электронного варианта.".

      2. Комитету по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра промышленности и строительства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра промышленности
и строительства
Республики Казахстан
А. Бейспеков

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

"Террористік тұрғыдан осал елді мекендерді ауызсумен жабдықтау объектілерін терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 508 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 15 тамыздағы № 297 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 16 тамызда № 34937 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Террористік тұрғыдан осал елді мекендерді ауызсумен жабдықтау объектілерін терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 508 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33119 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) бейнебақылау жүйесі – өзара ақпараттық алмасуды жүзеге асыратын бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдарының және бейнежазбаларды сақтаудың, сондай-ақ бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Паспорт "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32950 болып тіркелген) бекітілген Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортына сәйкес бір мезгілде электрондық нұсқаны әзірлей отырып, екі данада әзірленеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
міндетін атқарушы
А. Бейспеков
     

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі