О некоторых вопросах вывоза сельскохозяйственных животных

Совместный приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 августа 2024 года № 290 и Министра финансов Республики Казахстан от 27 августа 2024 года № 583. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 августа 2024 года № 34993

      В соответствии с подпунктом 11) пункта 1 статьи 6 и пунктом 2 статьи 22 Закона Республики Казахстан "О национальной безопасности Республики Казахстан", пунктом 1 статьи 17 Закона Республики Казахстан "О регулировании торговой деятельности", статьей 29 Договора о Евразийском экономическом союзе, ратифицированного Законом Республики Казахстан "О ратификации Договора о Евразийском экономическом союзе", а также разделом 10 приложения 7 к указанному Договору ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Ввести сроком на шесть месяцев запрет на вывоз с территории Республики Казахстан маточного поголовья крупного рогатого скота (код единой товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза 0102) и маточного поголовья мелкого рогатого скота (код единой товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза 0104).

      2. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке информировать Евразийскую экономическую комиссию о применении мер по реализации пункта 1 настоящего совместного приказа.

      3. Комитету ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан при взаимодействии с Комитетом государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в пределах своей компетенции принять необходимые меры по обеспечению исполнения пункта 1 настоящего совместного приказа в установленном законодательством порядке.

      4. Департаменту агропродовольственных рынков и переработки сельскохозяйственной продукции Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего совместного приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на курирующих соответствующее направление вице-министров сельского хозяйства и финансов Республики Казахстан.

      6. Настоящий совместный приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов
Республики Казахстан
__________ М. Такиев
      исполняющий обязанности
Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
__________ А. Султанов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 27 тамыздағы № 290 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 27 тамыздағы № 583 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылы 28 тамызда № 34993 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабының 2-тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 1-тармағына, "Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ, көрсетілген Шартқа 7-қосымшасының 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың аналық басын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0102) және ұсақ малдың аналық басын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0104) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша шаралар қабылдау туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен өзара іс-қимыл жасай отырып, өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және қаржы вице-министрлеріне жүктелсін.

      6. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев
     
      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
А. Султанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі