О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 11 декабря 2015 года № 648 "Об утверждении Правил осуществления государственных закупок"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 августа 2024 года № 594. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 сентября 2024 года № 35016.

      Примечание ИЗПИ!
      Приказ утрачивает силу приказом Министра финансов РК от 09.10.2024 № 687 (вводится в действие с 01.01.2025).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 11 декабря 2015 года № 648 "Об утверждении Правил осуществления государственных закупок" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12590) следующее изменение:

      в Правилах осуществления государственных закупок, утвержденных указанным приказом:

      пункт 429 изложить в следующей редакции:

      "429. Объявление о государственных закупках жилища, принадлежащего на праве частной собственности физическому лицу, размещается организатором на веб-портале на казахском и русском языках не позднее пяти рабочих дней до окончания срока представления заявок потенциальных поставщиков - физических лиц, не являющихся субъектами предпринимательской деятельности, которым жилище принадлежит на праве частной собственности, и содержит следующую информацию:

      1) наименование населенного пункта (город, район в городе, поселок, село), в котором должно находиться приобретаемое жилище;

      2) о сумме денежных средств, выделенных для государственных закупок жилища;

      3) описание требуемых характеристик закупаемого жилища и срок приобретения жилища;

      4) о сроке начала и окончания представления потенциальными поставщиками заявок на участие в закупках.".

      2. Департаменту законодательства государственных закупок и закупок квазигосударственного сектора Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов
Республики Казахстан
М. Такиев

"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 594 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 2 қыркүйекте № 35016 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:

      429-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "429. Ұйымдастырушы жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруды әлеуетті өнім берушілердің-тұрғынжай жеке меншік құқығымен тиесілі кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардың өтінімдерін ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күннен кешіктірмей қазақ және орыс тілдерінде орналастырады және онда мынадай ақпарат болады:

      1) сатып алынатын тұрғынжайдың болуы тиіс елді мекеннің (қала, қаладағы аудан, кент, ауыл) атауы;

      2) тұрғын үйді мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген ақша қаражатының сомасы туралы;

      3) сатып алынатын тұрғынжайдың талап етілетін сипаттамаларының сипаттамасы және тұрғынжайды сатып алу мерзімі;

      4) әлеуетті өнім берушілердің сатып алуға қатысуға өтінімдерді ұсынуының басталу және аяқталу мерзімі туралы.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев