О внесении изменения и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 7-1/587 "Об утверждении Ветеринарных (ветеринарно-санитарных) правил"

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 4 октября 2024 года № 340. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 октября 2024 года № 35216

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.01.2025

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 7-1/587 "Об утверждении Ветеринарных (ветеринарно-санитарных) правил" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11940) следующие изменение и дополнение:

      в Ветеринарных (ветеринарно-санитарных) правилах, утвержденных указанным приказом:

      в пункт 1097 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      дополнить главой 100-1 следующего содержания:

"Глава 100-1. Порядок проведения ветеринарных мероприятий по злокачественному отеку

Параграф 1. Порядок проведения ветеринарных мероприятий по профилактике злокачественного отека

      1221-1. В целях профилактики заболевания животных злокачественным отеком проводят следующие мероприятия:

      1) проведение работ по ограждению и содержанию скотомогильников (биотермических ям) в соответствии с требованиями параграфа 11 главы 2 настоящих Правил;

      2) закрытие водоемов, колодцев для водопоя животных зараженных или подозреваемых в заражении;

      3) очистка и дезинфекция неблагополучных дворов, помещений и мест содержания животных.

      1221-2. Средства активной профилактики злокачественного отека в плановом порядке не используются.

      1221-3. При проведении мероприятий на территории ветеринарно-санитарного благополучия с целью предупреждения возникновения злокачественного отека применяются препараты, зарегистрированные в Республике Казахстан и (или) государствах-членах Евразийского экономического союза.

      1221-4. Меры профилактики при злокачественном отеке проводятся с соблюдением мер асептики при манипуляциях, связанных с операциями или возможностью повреждения кожи (кастрация, обрезание хвостов, ушей, снятие рогов, стрижка).

      Для предупреждения возникновения злокачественного отека родовых путей проводится антисептическая обработка рук и инструментов. При тяжелых родах и задержании последа больным животным применяют препараты, зарегистрированные в Республике Казахстан и (или) государствах-членах Евразийского экономического союза, и дезинфицирующие вещества.

Параграф 2. Порядок проведения ветеринарных мероприятий по ликвидации злокачественного отека

      1221-5. При установлении злокачественного отека вводят ограничительные мероприятия.

      При проведении ограничительных мероприятий не допускается участие специалистов, имеющих повреждения кожных покровов.

      1221-6. Животных, восприимчивых к злокачественному отеку в неблагополучном пункте подвергают клиническому осмотру и термометрии, изолируют животных, имеющих клинические признаки болезни (отеки с образованием газов, некроз пораженных тканей, интоксикация организма).

      1221-7. Навоз, подстилку и остатки корма, загрязненные выделениями больных животных, перед удалением увлажняют дезинфицирующим средством, после чего сжигают.

      1221-8. В стационарно неблагополучных зонах перед массовыми обработками поголовья и родами, животным вводят препараты, зарегистрированные в Республике Казахстан и (или) государствах-членах Евразийского экономического союза.

      1221-9. По условиям ограничительных мероприятий в неблагополучном пункте не допускается:

      1) вывоз животных за пределы территории, где установлены ограничительные мероприятия;

      2) ввоз животных в зону, где установлены ограничительные мероприятия и перегон животных через данную территорию;

      3) продажа, обмен и внутрихозяйственная перегруппировка животных;

      4) вывоз кормов, собранных на территории, где установлены ограничительные мероприятия;

      5) общий водопой животных из водоемов;

      6) выпас сельскохозяйственных животных на участках пастбищ, где паслись зараженные сельскохозяйственные животные в течение последних одного – трех дней до выявления клинических признаков заболевания.

      1221-10. Убой на мясо больных и подозреваемых в заболевании животных, и снятие с них шкур не допускаются.

      1221-11. Больных злокачественным отеком животных изолируют и подвергают лечению. При лечении применяют ветеринарные препараты, зарегистрированные в Республике Казахстан и (или) государствах-членах Евразийского экономического союза.

      1221-12. Туши и шкуры павших животных от злокачественного отека утилизируют путем сжигания.

      1221-13. Молоко от больных злокачественным отеком животных подлежит уничтожению после кипячения в течение 30 (тридцати) минут.

      1221-14. Помещения, в которых находились больные злокачественным отеком животные и предметы ухода, бывшие в соприкосновении с больными или павшими животными, очищают и дезинфицируют препаратами, зарегистрированными в Республике Казахстан и (или) государствах-членах Евразийского экономического союза.

      Специальную одежду, обувь специалистов, участвовавших в ликвидации злокачественного отека, обрабатывают дезинфицирующими средствами.

      1221-15. Неблагополучный пункт по злокачественному отеку объявляют благополучным и снимают ограничительные мероприятия через 14 (четырнадцать) календарных дней после последнего случая выздоровления, а также проведения заключительной дезинфекции.".

      2. Комитету ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2025 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
А. Сапаров

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

"Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 340 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 7 қазанда № 35216 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда:

      1097-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1097. Жануарларды санитариялық союды жүзеге асыратын сою объектісінде ЖАО бөлімшесі тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын диагностикалық зерттеулер көлемі шеңберінде сойылған жануарлардан биологиялық (патологиялық) материалдың сынамаларын алуды ұйымдастырады және ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезі бойынша саламатсыз пункттерді, саламатсыз эпизоотологиялық бірліктерді қоспағанда, пункттің (эпизоотологиялық бірліктің) мәртебесін анықтау мақсатында ПТР әдісімен диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін оны мемлекеттік ветеринариялық зертханаға жібереді.

      Биосынама қойылатын бактериологиялық әдісті қолдануға тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шешімі бойынша тәуекелдерді бағалау мен талдау нәтижелері бойынша жол беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 100-1-тараумен толықтырылсын:

      "100-1-тарау. Қатерлі ісік бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі

      1-параграф. Қатерлі ісіктің алдын алу бойынша ветеринариялық іс шараларды жүргізу тәртібі

      1221-1. Жануарлардың қатерлі ісік ауруының алдын алу мақсатында келесі іс-шаралар жүргізіледі:

      1) осы Қағидалардың 2-тарауы 11-параграфының талаптарына сәйкес мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) қоршау және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

      2) ауру жұқтырған немесе ауру жұқтырған деген күдік бар жануарларды суаруға арналған су айдындарын, құдықтарды жабу;

      3) саламатсыз аулаларды, үй-жайларды және жануарларды күтіп бағу орындарын тазалау және дезинфекциялау.

      1221-2. Қатерлі ісіктің алдын-алудың белсенді құралдары жоспарлы түрде қолданылмайды.

      1221-3. Қатерлі ісіктің пайда болуының алдын алу мақсатында ветеринариялық-санитариялық саламаттылық аумағында іс-шараларды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасында және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген препараттар қолданылады.

      1221-4. Қатерлі ісіктің алдын алу шаралары операциялармен немесе терінің ықтимал зақымдануымен байланысты манипуляциялар (піштіру, құйрықты, құлақты кесу, мүйізді алу, қырқу) асептика шараларын сақтай отырып жүргізіледі.

      Туу жолдарының қатерлі ісігінің алдын алу үшін қолдар мен құралдарды антисептикалық өңдеу жүргізіледі. Ауыр туғанда және шуы түспеген кезде ауру жануарларға Қазақстан Республикасында және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген препараттар және дезинфекциялық заттар қолданылады.

      2-параграф. Қатерлі ісікті жою бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі

      1221-5. Қатерлі ісік анықталған кезде шектеу шаралары енгізіледі.

      Шектеу іс-шараларын жүргізу кезінде тері жамылғысының зақымдануы бар мамандардың қатысуына жол берілмейді.

      1221-6. Саламатсыз пунктте қатерлі ісікке бейім жануарларды клиникалық тексеруден және термометриядан өткізеді, аурудың клиникалық белгілері бар жануарларды оқшаулайды (газдардың пайда бола отырып ісіну, зақымдалған тіндердің некрозы, ағзаның улануы).

      1221-7. Ауру жануарлардың бөлінетін заттар ластанған көң, қоқыс және азық қалдықтары алып тастамас бұрын дезинфекциялау құралымен ылғалдандырылады, содан кейін өртеледі.

      1221-8. Стационарлық саламатсыз аймақтарда мал басын жаппай өңдеу және туу алдында жануарларға Қазақстан Республикасында және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген препараттар енгізіледі.

      1221-9. Шектеу іс-шараларының шарттары бойынша саламатсыз пунктте мыналарға жол берілмейді:

      1) жануарларды шектеу іс-шаралары белгіленген аумақтан тыс жерге әкету;

      2) жануарларды шектеу іс-шаралары белгіленген аймаққа әкелу және жануарларды осы аумақ арқылы айдау;

      3) жануарларды сату, айырбастау және шаруашылықішілік қайта топтастыру;

      4) шектеу іс-шаралары белгіленген аумақта жиналған азықтарды әкету;

      5) су айдындарынан жануарларды бірге суару;

      6) аурудың клиникалық белгілері анықталғанға дейін бір – үш күн ішінде ауру жұқтырған ауыл шаруашылығы жануарлары жайылған жайылым учаскелерінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю.

      1221-10. Ауру және ауру жұқтырған деген күдік бар жануарларды етке союға және олардың терісін алуға жол берілмейді.

      1221-11. Қатерлі ісікпен ауыратын жануарлар оқшауланады және емделеді. Емдеу кезінде Қазақстан Республикасында және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген ветеринариялық препараттар қолданылады.

      1221-12. Қатерлі ісіктен өлген жануарлардың өлекселері мен терілері өртеу арқылы жойылады.

      1221-13. Қатерлі ісікпен ауыратын жануарлардың сүті 30 (отыз) минут бойы қайнатылғаннан кейін жойылады.

      1221-14. Қатерлі ісікпен ауырған жануарлар және ауру немесе өлген жануарларға пайдаланылған күтім заттары сақталған үй-жайлар Қазақстан Республикасында және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген препараттармен тазартылады және дезинфекцияланады.

      Қатерлі ісікті жоюға қатысқан мамандардың арнайы киімдері, аяқ киімдері дезинфекциялық құралдармен өнделеді.

      1221-15. Қатерлі ісік бойынша саламатсыз пункт соңғы ауру жануар сауыққаннан кейін, сондай-ақ қорытынды дезинфекция жүргізілгеннен кейін 14 (он төрт) күнтізбелік күннен кейін саламатты деп жарияланады және шектеу іс-шаралары алынып тасталады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі