Об утверждении Правил предоставления национальным компаниям права на учреждение охранных организаций

Приказ и.о. Министра внутренних дел Республики Казахстан от 29 октября 2024 года № 863. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 октября 2024 года № 35303.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 17-1 Закона Республики Казахстан "Об охранной деятельности" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила предоставления национальным компаниям права на учреждение охранных организаций.

      2. Департаменту по контролю за охранной деятельностью Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра внутренних дел
И. Лепеха

  Утвержден приказом
исполняющий обязанности
Министра внутренних дел
от 29 октября 2024 года № 863

Правила предоставления национальным компаниям права на учреждение охранных организаций

      1. Настоящие Правила предоставления национальным компаниям права на учреждение охранных организаций (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 17-1 Закона Республики Казахстан "Об охранной деятельности" (далее – Закон).

      2. Охранная организация учреждается Национальной компанией при условии включения ее в перечень национальных компаний, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2011 года № 376 "Об утверждении перечня национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний".

      3. Учреждение охранной организации национальными компаниями осуществляется при соблюдении следующих условий:

      1) охранная организация может являться дочерней организацией национальной компании, осуществляющей иную деятельность, кроме охранной;

      2) учредителями (участниками) охранной организации являются учредители либо должностные лица национальной компании, в отношении которых будут оказываться охранные услуги создаваемой организацией;

      3) учредителем (участником) охранной организации является национальная компания, в отношении которой будут оказываться охранные услуги создаваемой организацией, и аффилированные с ним юридические лица.

      4. Учреждение охранных организаций национальными компаниями предварительно согласовывается с уполномоченным органом по осуществлению контроля за охранной деятельностью на территории Республики Казахстан (далее – уполномоченный орган).

      5. Для согласования учреждения охранной организации национальная компания направляет в уполномоченный орган через веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz или www.elicense.kz (далее – Портал) следующие документы:

      1) заявление в форме электронного документа, подписанного Электронной цифровой подписью (далее – ЭЦП) услугополучателя согласно приложению 2 к Правилам оказания государственной услуги "Согласование уполномоченного органа на учреждение охранной организации национальной компанией", утвержденного приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 28 марта 2020 года № 261 "Об утверждении Правил оказания государственных услуг в сфере охранной деятельности" (далее – Приказ МВД № 261) (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 20224);

      2) электронная копия документа, подтверждающего предварительное согласие антимонопольного органа на создание охранной организации, в том числе на расширение и (или) изменение уставных видов деятельности, учреждаемой национальной компанией в соответствии с Предпринимательским кодексом Республики Казахстан;

      3) копии учредительных документов, подтверждающих соответствие заявителя условиям, установленным пунктом 3 настоящих Правил;

      4) перечень объектов (наименование, место расположения), в том числе объектов дочерних организаций, планируемых к передаче под охрану учреждаемой охранной организации.

      6. Уполномоченный орган в течение двадцати рабочих дней со дня предоставления документов рассматривает их в соответствии с приказом МВД № 261, после чего направляет национальной компании согласование на учреждение охранной организации или мотивированный отказ в форме электронного документа, подписанного ЭЦП уполномоченного лица уполномоченного органа.

      Основаниями для отказа на учреждение охранной организации национальной компанией являются:

      1) несоответствие заявителя пункту 2 настоящих Правил;

      2) установление недостоверности сведений в представленных документах указанных в пункте 5 настоящих Правил.

      В случае отказа в учреждении охранной организации национальная компания повторно представляет документы, указанные в пункте 5 настоящих Правил в уполномоченный орган после устранения выявленных замечаний.

      7. После получения письма-согласования на учреждение охранной организации, национальная компания в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Выдача лицензии на право занятия охранной деятельностью", утвержденным приказом МВД № 261, обращается в территориальный орган полиции по месту регистрации для получения государственной лицензии на право осуществления охранной деятельности.

      8. Порядок обжалования решений, действий (бездействия) уполномоченного органа, осуществляется в соответствии с Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан.

Ұлттық компанияларға жеке күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2024 жылғы 29 қазандағы № 863 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 қазанда № 35303 болып тіркелді

      "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ұлттық компанияларға жеке күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ішкі істер министрдің
міндетін атқарушысы
И. Лепеха

  ішкі істер министрдің
міндетін атқарушысы
2024 жылғы 29 қазандағы
№ 863 бұйрығымен
бекітілген

Ұлттық компанияларға жеке күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидалары

      1. Осы Ұлттық компанияларға жеке күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Күзет ұйымын "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысымен бекітілген ұлттық компаниялар тізбесіне енгізілген жағдайда Ұлттық компания құрады.

      3. Ұлттық компаниялардың күзет ұйымын құру келесі шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:

      1) күзет ұйымы күзет қызметінен өзге де қызметті жүзеге асыратын ұлттық компанияның еншілес ұйымы бола алады;

      2) күзет ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) ұлттық компанияның құрылтайшылары не лауазымды адамдары болып табылады, оларға қатысты құрылатын ұйым күзет қызметтерін көрсететін болады;

      3) құрылатын ұйым өзіне қатысты күзет қызметтерін көрсететін ұлттық компания және онымен үлестес заңды тұлғалар күзет ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылады.

      4. Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметін бақылауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) алдын ала келісіледі.

      5. Күзет ұйымының мекемесін келісу үшін ұлттық компания уәкілетті органға "электрондық үкіметтің" www.egov.kz немесе www.elicense.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі – Портал) мынадай құжаттар жолдайды:

      1) "Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығымен бекітілген "Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға уәкілетті органды келісу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (бұдан әрі – ІІМ-нің № 261 бұйрығы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20224 болып тіркелген);

      2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ұлттық компания құратын қызметтің жарғылық түрлерін кеңейтуге және (немесе) өзгертуге күзет ұйымын құруға монополияға қарсы органның алдын ала келісімін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      3) өтініш берушінің осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген шарттарға сәйкестігін растайтын құрылтай құжаттарының көшірмелері;

      4) құрылатын күзет ұйымын күзетке беруге жоспарланатын объектілердің (атауы, орналасқан жері), оның ішінде еншілес ұйымдардың объектілерінің тізбесі.

      6. Уәкілетті орган құжаттарды ұсынған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде оларды ІІМ-нің № 261 бұйрығына сәйкес қарайды, содан кейін ұлттық компанияға күзет ұйымын құруға келісуді немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында дәлелді бас тартуды жібереді.

      Ұлттық компания күзет ұйымын құрудан бас тартуға негіз болып табылады:

      1) өтініш берушінің осы Қағидалардың 2-тармағына сәйкес келмеуі;

      2) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардағы шынайы емес мәліметтерді анықтау;

      Күзет ұйымын құрудан бас тартылған жағдайда ұлттық компания анықталған ескертулер жойылғаннан кейін осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға қайта ұсынады.

      7. Күзет ұйымын құруға келісу хатын алғаннан кейін ұлттық компания ІІМ 261 бұйрығымен бекітілген "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес күзет қызметін жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензия алу үшін тіркелген жері бойынша аумақтық полиция органына жүгінеді.

      8. Уәкілетті органның шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.