Об утверждении Правил осуществления переводов обеспеченных цифровых активов

Приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 30 октября 2024 года № 5. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 октября 2024 года № 35311.

      В соответствии с подпунктом 13-9) статьи 16 Закона Республики Казахстан "О противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления переводов обеспеченных цифровых активов.

      2. Департаменту оперативного анализа Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Первого заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Председателя агентства
Республики Казахстан
по финансовому мониторингу
К. Бижанов

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
исполняющий обязанности
Председателя агентства
Республики Казахстан
по финансовому мониторингу
от 30 октября 2024 года № 5

Правила осуществления переводов обеспеченных цифровых активов

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила осуществления переводов обеспеченных цифровых активов (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 13-9) статьи 16 Закона Республики Казахстан "О противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма" (далее – Закон о ПОД/ФТ) и определяют порядок осуществления переводов обеспеченных цифровых активов лицом, осуществляющим выпуск и обращение обеспеченных цифровых активов, с учетом требований, установленных Законом о ПОД/ФТ.

Глава 2. Порядок переводов обеспеченных цифровых активов

      2. Лицо, осуществляющее выпуск и обращение обеспеченных цифровых активов (далее – Лицо), является индивидуальным предпринимателем, юридическим лицом Республики Казахстан, осуществляющим эксплуатацию цифровой платформы по хранению и обмену обеспеченных цифровых активов и имеющим разрешение на выпуск и обращение обеспеченных цифровых активов.

      3. Разрешение на осуществление деятельности по выпуску и обращению обеспеченных цифровых активов выдается уполномоченным органом в сфере цифровых активов в соответствии с Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях".

      4. Перевод обеспеченных цифровых активов осуществляется путем удостоверения и перехода прав на обеспеченные цифровые активы, включая отчуждение, приобретение, обмен цифровых активов на деньги и иное имущество, посредством внесения в информационную систему сведений, в соответствии с соглашением между пользователями информационной системы.

      5. Лицо при отправлении или получении обеспеченных цифровых активов от имени клиента (его представителя) и бенефициарного собственника удостоверяется, что перевод и любые связанные с ним сообщения содержат точную информацию об отправителе и получателе, и принимает меры в соответствии со статьей 7 Закона о ПОД/ФТ.

      6. Лицо создает и поддерживает процедуры, системы и средства контроля для мониторинга, обнаружения и сообщения об операциях, превышающих установленные пороговые значения, выявления подозрительной деятельности в соответствии со статьей 10 Закона о ПОД/ФТ.

      7. Лицо принимает меры, чтобы информация, сопровождающая все переводы обеспеченных цифровых активов, содержала:

      1) данные отправителя (его представителя) и получателя в соответствии с пунктом 3 статьи 5 Закона о ПОД/ФТ;

      2) номер банковского счета отправителя/получателя (при наличии);

      3) адрес отправителя/получателя;

      4) идентификационный номер отправителя и получателя (при наличии);

      5) при отсутствии счета указывается номер операции.

      8. Лицо разрабатывает процедуры по выявлению, оценке, мониторингу рисков легализации (отмывания) доходов, полученных преступным путем и финансирования терроризма, в том числе их минимизацию (в отношении услуг (продуктов), клиентов, а также совершаемых клиентами операций).

      9. Лицо исполняет требование о назначении ответственного за реализацию и соблюдение правил внутреннего контроля, из числа руководящих работников лица или иных руководителей лица не ниже уровня руководителя соответствующего структурного подразделения, а также иные требования, предъявляемые к работникам субъектов финансового мониторинга, ответственным за реализацию и соблюдение правил внутреннего контроля, в том числе о наличии безупречной деловой репутации в соответствии с пунктом 3 статьи 11 Закона о ПОД/ФТ.

      10. Сведения и информация касательно переводов обеспеченных цифровых активов представляется Лицом в уполномоченный орган по финансовому мониторингу электронным способом в соответствии правилам представления субъектами финансового мониторинга сведений и информации об операциях, подлежащих финансовому мониторингу, утвержденными Приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 22 февраля 2022 года № 13 (Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан за № 26924).

      11. Лицо в течение пяти лет со дня прекращения деловых отношений с клиентом (его представителем) и бенефициарным собственником хранит копии документов в соответствии с пунктом 4 статьи 11 Закона о ПОД/ФТ.

Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2024 жылғы 30 қазандағы № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 қазанда № 35311 болып тіркелді

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 13-9)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидалары бекітілісін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жедел талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігі
төрағасының міндетін атқарушы
К. Бижанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг
агенттігі төрағасының
міндетін атқарушы
2024 жылғы 30 қазандағы
№ 5 бұйрығымен
бекітілді

Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы Заң) 16-бабының 13-9)-тармақшасына сәйкес әзірленді және КЖ/ТҚҚ туралы Заңда белгіленген талаптарды ескере отырып, қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғаның қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыруы тәртібін айқындайды.

2-тарау. Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің айналыcын жүзеге асыру тәртібі

      2. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлға (бұдан әрі – Тұлға) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформаны пайдалануды жүзеге асыратын және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсаты бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы, дара кәсіпкер болып табылады.

      3. Цифрлық активтер саласындағы уәкілетті орган "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару және олардың айналысы жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсатты береді.

      4. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді аудару ақпараттық жүйе қолданушылары арасындағы келісімге сәйкес мәліметтерді ақпарттық жүйеге енгізу жолымен цифрлық активтерді ақшаға және өзге де мүлікке иеліктен шығару, сатып алу, айырбастауды қоса алғанда, қамтамасыз етілген цифрлық активтерге құқықтарды куәландыру және олардың ауысуы арқылы жүзеге асырылады.

      5. Тұлға клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің атынан қамтамасыз етілген цифрлық активтерді жөнелту немесе алу кезінде аударымның және онымен байланысты кез келген хабарламаның жөнелтуші және алушы туралы нақты ақпаратты қамтитынына көз жеткізеді және КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 7-бабына сәйкес шаралар қабылдайды.

      6. Тұлға КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 10-бабына сәйкес белгіленген шекті мәндерден асатын операцияларды мониторингтеу, айқындау және хабарлау, күдікті әрекеттерді анықтау үшін бақылау рәсімдерін, жүйелері мен құралдарын құрайды және қолдайды.

      7. Тұлға қамтамасыз етілген цифрлық активтердің барлық аударымдарымен бірге ілесіп жүретін ақпараттың:

      1) КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес жөнелтушінің (оның өкілінің) және алушының деректерін;

      2) жөнелтушінің/алушының банктік шотының нөмірін (бар болса);

      3) жөнелтушінің/алушының мекен-жайын;

      4) жөнелтушінің және алушының сәйкестендіру нөмірін қамтуы үшін шаралар қабылдайды;

      5) шот болмаған жағдайда операция нөмірі көрсетіледі.

      8. Тұлға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау, бағалау, мониторингтеу, соның ішінде оларды барынша азайту бойынша (клиенттердің қызметтеріне (өнімдеріне), сондай-ақ клиенттер жасайтын операцияларға қатысты) рәсімдерді әзірлейді.

      9. Тұлға басшылық қызметкерлер қатарынан немесе тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес өзге де басшылар қатарынан ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты тұлғаны тағайындау туралы талапты, сонымен қатар ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты қаржы мониторингі субъектілеріне қойылатын өзге де талаптарды, соның ішінде КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 11-бабының 3-тармағына сәйкес мінсіз іскерлік беделдің болуы туралы талапты орындайды.

      10. Тұлға қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарына қатысты мәліметтер мен ақпаратты қаржылық мониторинг бойынша уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының № 13 бұйрығымен бекітілген, Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 26924 болып тіркелді) сәйкес электрондық әдіспен жолдайды.

      11. Тұлға құжаттардың көшірмесін КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 11-бабының 4-тармағына сәйкес клиентпен (оның өкілімен) және бенефициарлық меншік иесімен іскерлік қатынастарды тоқтатқан күннен бастап бес жыл бойы сақтайды.