О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 апреля 2018 года № 70 "Об утверждении Правил продажи и выкупа Национальным Банком Республики Казахстан банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 октября 2024 года № 66. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 ноября 2024 года № 35355

      Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 апреля 2018 года № 70 "Об утверждении Правил продажи и выкупа Национальным Банком Республики Казахстан банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16922) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах продажи и выкупа Национальным Банком Республики Казахстан банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. В Правилах используются следующие понятия:

      1) циркуляционные монеты - монеты, изготовленные из недрагоценных металлов и предназначенные для наличного денежного обращения;

      2) банкноты и монеты - денежные знаки национальной валюты Республики Казахстан - тенге, являющиеся законным платежным средством на территории Республики Казахстан;

      3) нарицательная стоимость - стоимость банкнот, монет по их номиналу;

      4) инвестиционные монеты - монеты, изготовленные из драгоценных металлов, являющиеся объектом инвестирования и накопления;

      5) коллекционные монеты - юбилейные, памятные и иные монеты специального чекана, изготовленные ограниченным тиражом как из драгоценных, так и из недрагоценных металлов, являющиеся объектом коллекционирования и накопления;

      6) коллекционные монеты с составными частями - коллекционные монеты, состоящие из двух и более частей, отдельно изготовленных из разных материалов, и соединенных между собой в единую композицию одной монеты;

      7) торговая площадка – онлайн платформа, посредством которой осуществляется продажа инвестиционных монет, в том числе по частям (долям);

      8) интернет-магазин Национального Банка и (или) мобильное приложение - раздел интернет-ресурса Национального Банка, предназначенный для размещения физическими и юридическими лицами заказов на приобретение и (или) доставку инвестиционных и (или) коллекционных монет, выпускаемых Национальным Банком, осуществления оплаты за приобретаемые инвестиционные и (или) коллекционные монеты, а также просмотра состояния размещенного заказа на приобретение инвестиционных и (или) коллекционных монет;

      9) Центр Национального Банка - Центр кассовых операций и хранения ценностей (филиал) Национального Банка, осуществляющий продажу и выкуп банкнот и монет национальной валюты;

      10) филиал Национального Банка - территориальный филиал Национального Банка, осуществляющий продажу и выкуп банкнот и монет национальной валюты.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Продажа и выкуп инвестиционных и коллекционных монет осуществляется филиалами Национального Банка и Центром Национального Банка.

      Продажа инвестиционных и коллекционных монет осуществляется также через интернет-магазин Национального Банка.

      Продажа инвестиционных монет осуществляется также посредством торговой площадки.";

      часть четвертую пункта 12 изложить в следующей редакции:

      "Требования, предусмотренные пунктами 10 и 11 Правил, не распространяются на банки второго уровня, филиалы банков-нерезидентов Республики Казахстан, Национальный оператор почты и организации, осуществляющие операции по инкассации банкнот, монет и ценностей.";

      часть шестую пункта 19 изложить в следующей редакции:

      "В случае, если по результатам экспертизы рассчитанная сумма выкупа одной коллекционной монеты из драгоценных металлов превысила установленную в соответствии с частью первой пункта 8 Правил цену продажи, то сумма выкупа равняется цене ее продажи, установленной в соответствии с частью первой пункта 8 Правил.";

      дополнить главой 6 следующего содержания:

      "Глава 6. Продажа инвестиционных монет посредством торговой площадки

      24. Продажа Национальным Банком инвестиционных монет посредством торговой площадки осуществляется, в том числе по частям (долям), определяемым в граммах (унциях) химически чистого веса драгоценного металла, из которого изготовлена инвестиционная монета, по цене продажи, определяемой согласно части третьей пункта 8 Правил.

      25. Получение физическими и юридическими лицами (их представителями) в филиале Национального Банка инвестиционных монет, приобретенных посредством торговой площадки, осуществляется при условии приобретения (оплаты) их полного веса, определенного постановлением Правления Национального Банка о выпуске в обращение инвестиционных монет.

      26. Допускается выкуп Национальным Банком инвестиционных монет посредством торговой площадки по заявлению физических и юридических лиц (их представителей) при условии приобретения (оплаты) их полного веса, определенного постановлением Правления Национального Банка о выпуске в обращение инвестиционных монет.

      Выкуп Национальным Банком инвестиционных монет, полученных физическими и юридическими лицами (их представителями) в филиале Национального Банка, производится в порядке, предусмотренном главами 4 и 5 Правил.".

      2. Департаменту наличного денежного обращения Национального Банка Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом Национального Банка Республики Казахстан государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент Национального Банка Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктом 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Национального
Банка Республики Казахстан
Т. Сулейменов

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 70 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 30 қазандағы № 66 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 11 қарашада № 35355 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 70 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16922 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) айналыстағы монеталар – бағалы емес металдардан жасалған және қолма-қол ақша айналысына арналған монеталар;

      2) банкноттар және монеталар – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің Қазақстан Республикасының аумағында заңды төлем құралы болып табылатын ақша белгілері;

      3) белгіленген құн – банкноттардың, монеталардың номиналы бойынша құны;

      4) инвестициялық монеталар – бағалы металдардан жасалған, инвестициялау және жинақтау объектісі болып табылатын монеталар;

      5) коллекциялық монеталар – коллекциялау және жинақтау объектiсi болып табылатын, бағалы металдардан, сол сияқты бағалы емес металдардан жасалған, шектеулi таралыммен дайындалған мерекелiк, естелiк және өзге де арнайы соғылған монеталар;

      6) құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталар – түрлі материалдардан жеке-жеке жасалған және бір монетаның бірыңғай композициясына өзара біріктірілген екі және одан да көп бөліктен тұратын коллекциялық монеталар;

      7) сауда алаңы – инвестициялық монеталарды, оның ішінде бөліктер (үлестер) бойынша сату жүзеге асырылатын онлайн платформа;

      8) Ұлттық Банктің интернет-дүкені және (немесе) мобильді қосымшасы – жеке және заңды тұлғалардың Ұлттық Банк шығаратын инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алуға және (немесе) жеткізуге берілген тапсырыстарын орналастыруға, сатып алынатын инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарға ақы төлеуді жүзеге асыруға, сондай-ақ инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу үшін орналастырылған тапсырыстың жай-күйін қарап көруге арналған Ұлттық Банктің интернет-ресурсының бөлімі;

      9) Ұлттық Банктің Орталығы – ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын сатуды және сатып алуды жүзеге асыратын Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиал);

      10) Ұлттық Банктің филиалы – Ұлттық Банктің ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын сатуды және сатып алуды жүзеге асыратын аумақтық филиалы.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатуды және сатып алуды Ұлттық Банктің филиалдары және Ұлттық Банктің Орталығы жүзеге асырады.

      Инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы да жүзеге асырылады.

      Инвестициялық монеталарды сату сауда алаңы арқылы да жүзеге асырылады.";

      12-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қағидалардың 10 және 11-тармақтарында көзделген талаптар екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Ұлттық пошта операторына және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылмайды.";

      19-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер сараптама нәтижелері бойынша бағалы металдардан жасалған бір коллекциялық монетаны сатып алудың есептелген сомасы Қағидалардың 8-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес белгіленген сату бағасынан асып кетсе, онда сатып алу сомасы Қағидалардың 8-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес белгіленген оны сату бағасына тең болады.";

      мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын:

      "6-тарау. Инвестициялық монеталарды сауда алаңы арқылы сату

      24. Ұлттық Банктің инвестициялық монеталарды, оның ішінде инвестициялық монета дайындалған бағалы металдың химиялық таза салмағының грамында айқындалатын бөліктер (үлестер) бойынша сауда алаңы арқылы сатуы Қағидалардың 8-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес айқындалатын сату бағасы бойынша жүзеге асырылады.

      25. Жеке және заңды тұлғалардың (олардың өкілдерінің) Ұлттық Банктің филиалында сауда алаңы арқылы сатып алынған инвестициялық монеталарды алуы Ұлттық Банк Басқармасының инвестициялық монеталарды айналысқа шығару туралы қаулысында айқындалған олардың толық салмағын сатып алу (төлеу) шартымен жүзеге асырылады.

      26. Ұлттық Банктің инвестициялық монеталарды Ұлттық Банк Басқармасының айналысқа шығару туралы қаулысымен айқындалған олардың толық салмағын сатып алу (төлеу) шартымен жеке және заңды тұлғалардың (олардың өкілдерінің) өтініші бойынша сауда алаңы арқылы сатып алуына жол беріледі.

      Ұлттық Банктің филиалында жеке және заңды тұлғалар (олардың өкілдері) алған инвестициялық монеталарды Ұлттық Банктің сатып алуы Қағидалардың 4 және 5-тарауларында көзделген тәртіппен жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Т. Сулейменов