О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 октября 2014 года № 113 "Об утверждении Правил проведения конкурса на основе открытого тендера по определению перевозчиков, осуществляющих перевозки пассажиров по социально значимым сообщениям, расходы которых подлежат долгосрочному субсидированию за счет бюджетных средств"

Приказ и.о. Министра транспорта Республики Казахстан от 14 ноября 2024 года № 376. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 ноября 2024 года № 35374

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 октября 2014 года № 113 "Об утверждении Правил проведения конкурса на основе открытого тендера по определению перевозчиков, осуществляющих перевозки пассажиров по социально значимым сообщениям, расходы которых подлежат долгосрочному субсидированию за счет бюджетных средств" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9860) следующее изменение:

      в Правилах проведения конкурса на основе открытого тендера по определению перевозчиков, осуществляющих перевозки пассажиров по социально значимым сообщениям, расходы которых подлежат долгосрочному субсидированию за счет бюджетных средств, утвержденных указанным приказом:

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Срок осуществления перевозок пассажиров по социально значимым межобластным сообщениям определяется на двадцать лет, за исключением маршрутов, курсирующих менее 90 (девяносто) календарных дней в году, а также перевозок по социально значимым межрайонным (междугородным, внутриобластным) и пригородным сообщениям, срок осуществления которых определяется организатором тендера от пяти до двадцати лет.".

      2. Комитету железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства транспорта Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра транспорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра транспорта
Республики Казахстан
М. Калиакпаров

"Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 14 қарашадағы № 376 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 15 қарашада № 35374 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9860 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларында:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру мерзімі жылына күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аз жүретін маршруттарды, сондай-ақ жүзеге асыру мерзімін тендерді ұйымдастырушы бес жылдан жиырма жылға дейін айқындайтын әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық, облысішілік) және қалааралық қатынастар бойынша тасымалдауды қоспағанда, жиырма жылға айқындалады.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті белгіленген заңнамалық тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Калиакпаров