О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 14 июня 2017 года № 345 "Об утверждении правил метеорологического обеспечения гражданской авиации"

Приказ и.о. Министра транспорта Республики Казахстан от 19 ноября 2024 года № 380. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 ноября 2024 года № 35386

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 14 июня 2017 года № 345 "Об утверждении Правил метеорологического обеспечения гражданской авиации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15358) следующие изменения и дополнение:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан "Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах метеорологического обеспечения гражданской авиации, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Правила метеорологического обеспечения гражданской авиации (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан "Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации" (далее - Закон), а также на основании международных стандартов и рекомендуемой практики Международной гражданской авиации (далее – ИКАО) в области метеорологического обеспечения, изложенных в приложении 3 к Конвенции о международной гражданской авиации и Техническом регламенте Всемирной метеорологической организации (далее - ВМО).";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Для реализации требований ВМО по осуществлению оценки компетентности авиационного метеорологического персонала ПАНО проводят оценку компетентности (аттестации) авиационного метеорологического персонала, на основании разработанной и утвержденной ими методики проведения оценки компетентности (аттестации).

      Данная методика согласовывается с полномочным метеорологическим органом.

      Эксперт(ы) по оценке компетентности полномочного метеорологического органа выборочно участвует(ют) в проведении оценки компетентности авиационного метеорологического персонала ПАНО в порядке надзора. Процедура участия эксперта(ов) в оценке компетентности описывается в методике проведения оценки компетентности авиационного персонала.";

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. ПАНО обеспечивают разработку и внедрение организованной надлежащим образом системы качества, которая включает правила, процессы и ресурсы, необходимые для осуществления общего руководства качеством метеорологической информации, предоставляемой пользователям.

      Процессы описывают технологию работы авиационного метеорологического персонала, которая включает в себя входы и выходы основных процессов, связанных с предоставлением аэронавигационного (метеорологического) обслуживания и включающих общую последовательность выполнения определенных алгоритмов, связанных с реализацией соответствующих услуг.";

      дополнить пунктом 54-1 следующего содержания:

      "54-1. Техническое обслуживание выполняется квалифицированным инженерно-техническим персоналом АМО или организациями с обученными специалистами, имеющими письменно подтвержденные полномочия от завода изготовителя метеорологического оборудования или разработчика программного обеспечения, с которыми заключены договора на техническое обслуживание или техническую поддержку метеорологического оборудования и/или программного обеспечения. Результаты выполнения работ сторонней организацией вносятся руководителем работ АМО в журнал технического обслуживания метеорологического оборудования.";

      подпункт 2) пункта 275 изложить в следующей редакции:

      "2) раздел II, содержащий дополнительную информацию, требующуюся для полетов на малых высотах.

      Содержание и порядок элементов в зональном прогнозе, составляемом в формате GAMET, соответствовать образцу, приведенному в приложении 5 настоящих Правил. Дополнительные элементы в разделе II включаются по запросу от эксплуатанта. Элементы, уже вошедшие в сообщение SIGMET, не включаются в зональные прогнозы GAMET.";

      параграф 9 главы 5 исключить;

      параграф 6 главы 6 исключить;

      пункт 418 изложить в следующей редакции:

      "418. Эксплуатанты воздушных судов, находящиеся на оперативных точках при выполнении авиационных работ, обеспечиваются прогнозами погоды, выпускаемыми аэродромным метеорологическим органом по закрепленному району в соответствии с пунктами 268–278 настоящих Правил.";

      приложение 9 исключить.

      2. Комитету гражданской авиации Министерства транспорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства транспорта Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра транспорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра транспорта
Республики Казахстан
М. Калиакпаров

"Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 19 қарашадағы № 380 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 21 қарашада № 35386 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15358 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 35-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 35-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 3-қосымшасында және Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (бұдан әрі – ДМҰ) Техникалық регламентінде айтылған Халықаралық азаматтық авиацияның (бұдан әрі – ИКАО) метеорологиялық қамтамасыз ету саласындағы халықаралық стандарттары мен ұсынылатын практикасы негізінде әзірленді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Авиациялық метеорологиялық персоналдың құзыреттілігін бағалауды жүзеге асыру жөнінде ДМҰ талаптарын іске асыру үшін АНҚБ өздері әзірлеген және бекіткен құзыреттілікті аттестатауды бағалау әдістемесі негізінде авиациялық метеорологиялық персоналдың құзыреттілігін аттестатауды (тексеруді) бағалайды.

      Осы әдістеме метеорологиялық өкілетті органмен келісіледі.

      Уәкілетті метеорологиялық органның құзыреттілігін бағалау жөніндегі сарапшы(лар) ПАНО авиациялық метеорологиялық персоналының құзыреттілігін бағалауды жүргізуге қадағалау тәртібімен іріктеп қатысады. Сарапшының(лардың) құзыреттілікті бағалауға қатысу рәсімі авиация персоналының құзыреттілігін бағалауды жүргізу әдістемесінде сипатталады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. АНҚК пайдаланушыларға ұсынылатын метеорологиялық ақпараттың сапасын жалпы басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті қағидаларды, процестерді және ресурстарды қамтитын тиісті түрде ұйымдастырылған сапа жүйесін әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз етеді.

      Процестер аэронавигациялық (метеорологиялық) қызмет көрсетумен байланысты және тиісті қызметтерді іске асырумен байланысты белгілі бір алгоритмдерді орындаудың жалпы реттілігін қамтитын негізгі процестердің кірістері мен шығуларын қамтитын авиациялық метеорологиялық персоналдың жұмыс технологиясын сипаттайды.";

      мынадай мазмұндағы 54-1-тармақпен толықтырылсын:

      "54-1. Техникалық қызмет көрсетуді ӘМО-ның білікті инженерлік-техникалық персоналы немесе метеорологиялық жабдыққа және/немесе бағдарламалық қамтамасыз етуге техникалық қызмет көрсетуге немесе техникалық қолдауға шарттар жасалған метеорологиялық жабдықты дайындаушы немесе бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші зауытынан жазбаша расталған өкілеттіктері бар оқытылған мамандары бар ұйымдар орындайды. Бөгде ұйымның жұмыстарды орындау нәтижелерін ӘМО-ның жұмысының басшысы метеорологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету журналына енгізеді.";

      275-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) II тарау, кіші биіктіктерде ұшулар үшін талап ететін қосымша ақпаратты қамтиды.

      GAMET нысанында жасалатын аймақтық болжамда элементтердің мәні және тәртібі осы Қағидалардың 7-қосымшасы бойынша GAMET мәліметтеріне қатысты талаптарға келтірілген үлгіге сәйкес болуы тиіс. ІІ тараудағы қосымша элементтер пайдаланушының сұрауы бойынша қосылады. SIGMET хабарламасына енген элементтер GAMET аймақтық болжамдарға енгізілмейді.";

      5-тараудың 9-параграфы алып тасталсын;

      6-тараудың 6-параграфы алып тасталсын;

      418-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "418. Авиациялық жұмыстарды орындау кезінде оперативтік орындардан табылған әуе кемесін пайдаланушылар осы Қағидалардың 268-278-тармақтарына сәйкес белгіленген аудандар бойынша әуеайлақтық метеорологиялық ұйымдармен берілген ауа райының болжамдарымен қамтамасыз етеді.";

      9-қосымша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Калиакпаров