О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-215/2020 "Об утверждении Правил проведения оценки технологий здравоохранения и их применения"

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 ноября 2024 года № 97. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 ноября 2024 года № 35404

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-215/2020 "Об утверждении Правил проведения оценки технологий здравоохранения и их применения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21705) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 2 статьи 133 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах проведения оценки технологий здравоохранения и их применения, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила проведения оценки технологий здравоохранения и их применения (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 133 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс) и определяют порядок проведения оценки технологий здравоохранения и их применения.";

      пункт 22 изложить в следующей редакции:

      "22. Отчет оценки комплексных технологий здравоохранения рассматривается в течение 3 (трех) месяцев с даты принятия отчета ОТЗ инициатором и выносится на рассмотрение Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг (далее – ОКК), определенной Положением о деятельности ОКК, разработанным в соответствии с пунктом 3 статьи 15 Кодекса.";

      абзац первый пункта 24 изложить в следующей редакции:

      "24. На основании представленных материалов ОКК или ФК в день проведения заседания принимает одно из следующих решений:";

      пункт 26 изложить в следующей редакции:

      "26. Решение ОКК или ФК оформляется протоколом и публикуется на официальном сайте уполномоченного органа в течение 10 (десяти) рабочих дней с даты подписания протокола ОКК.";

      подпункт 1) пункта 27 изложить в следующей редакции:

      "1) в случае получения положительного решения ОКК с рекомендацией о закупе (финансировании) за счет бюджетных средств и (или) активов Фонда рабочий орган в течение 1 (одного) месяца с даты принятия решения ОКК выносит на рассмотрение бюджетной комиссии уполномоченного органа предварительные затраты, влияющие на бюджет;";

      абзац первый пункта 28 изложить в следующей редакции:

      "28. Бюджетная комиссия уполномоченного органа, в течение 30 (тридцати) рабочих дней с даты предоставления рабочим органом предварительного расчета анализа влияния на бюджет новых технологии здравоохранения, исходя из имеющегося объема финансовых средств на очередной год, принимает одно из следующих решений:";

      пункт 29 изложить в следующей редакции:

      "29. В случае положительного решения бюджетной комиссии, дальнейшее рассмотрение осуществляется в соответствии с Правилами и методикой формирования тарифов на медицинские услуги, оказываемые в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования, утвержденными приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-309/2020 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21858).

      Инициатор в течении 40 (сорока) рабочих дней направляет проект тарифов по новым технологиям в Фонд для использования при расчете тарифов. Инициатор предоставляет информацию касательно проекта тарифов по требованию Фонда.".

      2. Департаменту организации медицинской помощи Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Альназарова

"Денсаулық сақтау технологияларына бағалау жүргізу және оларды қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-215/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 25 қарашадағы № 97 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылы 26 қарашада № 35404 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Денсаулық сақтау технологияларына бағалау жүргізу және оларды қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-215/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21705 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 133-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау технологияларына бағалау жүргізу және оларды қолдану қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Денсаулық сақтау технологияларына бағалау жүргізу және оларды қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 133-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау технологияларына бағалау жүргізу және оларды қолдану тәртібін айқындайды.

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Денсаулық сақтаудың кешенді технологияларын бағалау есебі бастамашы ДТБ бағалау есебін қабылдаған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде қаралады және Кодекстің 5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссияның (бұдан әрі – СБК) қызметі туралы ережемен айқындалған СБК қарауына шығарылады.";

      24-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Ұсынылған материалдар негізінде СБК немесе ФК отырыс өткізілетін күні мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. СБК немесе ФК шешімі хаттамамен ресімделеді және СБК хаттамасына қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ресми сайтында жарияланады.";

      27-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бюджет қаражаты және (немесе) Қордың активтері есебінен сатып алу (қаржыландыру) туралы ұсыныммен СБК оң шешімін алған жағдайда, жұмыс органы СБК шешімі қабылданған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде бюджетке әсер ететін алдын ала шығындарды уәкілетті органның бюджет комиссиясының қарауына шығарады;";

      28-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Уәкілетті органның бюджеттік комиссиясы жұмыс органы денсаулық сақтаудың жаңа технологияларының бюджетке әсерін талдаудың алдын ала есебін ұсынған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде кезекті жылға қолда бар қаржы қаражатының көлемін негізге ала отырып, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Бюджеттік комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда, одан әрі қарау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21858 болып тіркелген) бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Бастамашы 40 (қырық) жұмыс күні ішінде тарифтерді есептеу кезінде пайдалану үшін Қорға жаңа технологиялар бойынша тарифтер жобасын жібереді. Бастамашы Қордың талабы бойынша тарифтер жобасына қатысты ақпаратты ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова