О внесении изменений в решение маслихата города Нур-Султан от 23 августа 2019 года № 418/54-VI "Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в городе Астане"

Решение маслихата города Астаны от 11 декабря 2024 года № 251/32-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 18 декабря 2024 года № 1399-01.

      Маслихат города Астаны РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата города Нур-Султан от 23 августа 2019 года № 418/54-VI "Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в городе Астане" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1244) следующие изменения:

      первый абзац пункта 1 вышеуказанного решения изложить в новой редакции:

      "1. Для реализации права приобретения гражданами жилья в собственность с использованием ипотечного жилищного займа в рамках ипотечной программы, утвержденной Национальным Банком Республики Казахстан, государственной программы жилищного строительства, утвержденной Правительством Республики Казахстан и (или) жилищной программы реализованной по поручению Главы Государства (жилищная программа "Наурыз"), определить размер жилищных сертификатов в 1 500 000 (один миллион пятьсот тысяч) тенге следующим категориям граждан, состоящим на учете нуждающихся в жилище из государственного жилищного фонда или жилище, арендованном местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в городе Астане:";

      первый абзац подпункта 4) пункта 1 вышеуказанного решения изложить в новой редакции:

      "4) социально уязвимым слоям населения, из числа:".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата
города Астаны
Е. Каналимов

"Астана қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 418/54-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 251/32-VIII шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2024 жылғы 18 желтоқсанда № 1399-01 болып тіркелді

      Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Астана қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 418/54-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1244 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімнің 1-тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы және (немесе) Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске қосылған тұрғын үй бағдарламасы ("Наурыз" тұрғын үй бағдарламасы) шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне сатып алу құқығын іске асыруы үшін Астана қаласында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайға мұқтаж адамдар есебінде тұратын азаматтардың мына санаттарына 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде тұрғын үй сертификаттары айқындалсын:";

      жоғарыда көрсетілген шешімнің 1-тармағы 4) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) мынадай халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына:".

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихатының төрағасы Е. Каналимов