О внесении изменения в постановление акимата города Кокшетау от 28 января 2021 года № А-1/148 "Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в городе Кокшетау"

Постановление акимата города Кокшетау Акмолинской области от 10 декабря 2024 года № А-12/1509. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 12 декабря 2024 года № 8865-03

      Акимат города Кокшетау ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата города Кокшетау "Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в городе Кокшетау" от 28 января 2021 года № А-1/148 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8347) следующее изменение:

      преамбулу изложить в новой редакции:

      "В соответствии с подпунктом 4-2) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 264 "Об утверждении Правил внутренней торговли" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11148), акимат города Кокшетау ПОСТАНОВЛЯЕТ:".

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Кокшетау А.Кумпекеев

"Көкшетау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Көкшетау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № А-1/148 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № А-12/1509 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 12 желтоқсанда № 8865-03 болып тіркелді

      Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көкшетау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Көкшетау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № А-1/148 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8347 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімнің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көкшетау қаласының әкімі А.Кумпекеев