О внесении изменений в решение Аршалынского районного маслихата от 20 декабря 2023 года № 10/3 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Аршалынском районе"

Решение Аршалынского районного маслихата Акмолинской области от 26 апреля 2024 года № 18/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 26 апреля 2024 года № 8748-03

      Аршалынский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Аршалынского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Аршалынском районе" от 20 декабря 2023 года № 10/3 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8675-03) следующие изменения:

      в приложении к указанному решению:

      подпункт 1) пункта 3 изложить в новой редакции:

      "1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;";

      в подпункт 3) пункта 12 на казахском языке внесены изменения, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 14 на казахском языке внесены изменения, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 16 на казахском языке внесены изменения, текст на русском языке не меняется.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель районного маслихата А.Балташев

Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 10/3 "Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 18/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 26 сәуірде № 8748-03 болып тіркелді

      Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аршалы аудандық мәслихатының "Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 10/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8675-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      3-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      12-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді орган белгілеген шектен артық болған жағдайларда жүзеге асырылады.";

      14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "14. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.";

      16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "16. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы А.Балташев