О внесении изменений в решение Мартукского районного маслихата от 28 октября 2020 года № 412 "Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Мартукском районе"

Решение Мартукского районного маслихата Актюбинской области от 19 сентября 2024 года № 149. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 24 сентября 2024 года № 8632-04

      Мартукский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Мартукского районного маслихата от 28 октября 2020 года № 412 "Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Мартукском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7586) следующие изменения:

      в приложении 1 к указанному решению

      абзац пятый пункта 2 Порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Мартукском районе изложить в новой редакции:

      "Мирные собрания в специализированных местах не могут начинаться ранее 9.00 часов и заканчиваться позднее 20.00 часов в день проведения мирных собраний.";

      приложение 2 к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Мартукского
районного маслихата
Т. Көлкебаев

  Приложение к решению
Мартукского районного
маслихата от 19 сентября 2024
года № 149
  Приложение 2 к решению
Мартукского районного
маслихата от 28 октября 2020
года № 412

Границы прилегающих территорий, в которых не допускается проведение пикетирования в Мартукском районе

      Определить следующие границы прилегающих территорий, в которых не допускается проведение пикетирования:

      1) в местах массовых захоронений – 800 метров;

      2) на объектах автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях – 800 метров;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения – 800 метров;

      4) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности – 800 метров;

      5) на магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях – 800 метров.

Мәртөк аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 412 "Мәртөк ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 қыркүйектегі № 149 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 24 қыркүйекте № 8632-04 болып тіркелді

      Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәртөк аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 412 "Мәртөк ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7586 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында

      Мәртөк ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібінің 2 тармағының бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні сағат 9.00-ден ерте бастауға және сағат 20.00-ден кеш аяқтауға болмайды.";

      көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк аудандық
мәслихатының төрағасы
Т. Көлкебаев

  Мәртөк аудандық
мәслихатының 2024 жылғы
19 қыркүйектегі № 149
шешіміне қосымша
  Мәртөк аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
28 қазандағы № 412 шешіміне
2 қосымша

Мәртөк ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары

      Пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың мынадай шекаралары айқындалсын:

      1) жаппай жерлеу орындарында – 800 метр;

      2) автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда – 800 метр;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда – 800 метр;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда – 800 метр;

      5) магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда – 800 метр.