О внесении изменении в решение Уйгурского районного маслихата от 11 октября 2023 года № 8-10-52 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Уйгурского района"

Решение Уйгурского районного маслихата Алматинской области от 24 июня 2024 года № 8-24-132. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 27 июня 2024 года № 6138-05

      Уйгурский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Уйгурского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Уйгурского района" от 11 октября 2023 года № 8-10-52 следующие изменения:

      в приложении к указанному решению:

      подпункт 1) пункта 2 изложить в новой редакции:


      "1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;";

      в казахском тексте первый абзац подпункта 1) пункта 7 изложить в новой редакции:

      "1) 9 мамыр – Жеңіс Күні:

      мәртебеcі "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір рет – 450 (төрт жүз елу) айлық есептік көрсеткіш және ай сайын 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш;";

      подпункт 4) пункта 7 исключить;

      подпункт 1) пункта 9 изложить в новой редакции:


      "1) гражданам (семьям), пострадавшим вследствие стихийного бедствия или пожара единовременная социальная помощь оказывается с учетом среднедушевого дохода не превышающего порога, однократного размера к прожиточному минимуму по области:

      в случае причинения вреда его имуществу (при наличии подтверждающего документа) единовременно в размере – 200 (двести) месячных расчетных показателей;

      срок обращения за социальной помощью при наступлении стихийного бедствия или пожара – три месяца;";

      подпункт 3) пункта 9 изложить в новой редакции:


      "3) лицам (семьям) признанным ограничение жизнедеятельности вследствие социально значимых заболеваний:

      лицам, состоящим на диспансерном учете с социально значимым заболеванием без учета среднедушевого дохода в размере 7 (семь) месячных расчетных показателей, ежемесячно;

      родителям или иным законным представителям детей, инфицированных вирусом иммунодефицита человека состоящих на диспансерном учете ежемесячно без учета среднедушевого дохода 2 (два) кратных размера величины прожиточного минимума, установленного Законом Республики Казахстан о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год;".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанностей председателя
      маслихата Уйгурского района С. Ермухаметова

Ұйғыр аудандық мәслихатының "Ұйғыр ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 10 қазандағы № 8-10-52 шешiмiне өзгерістер енгiзу туралы

Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 маусымдағы № 8-24-132 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 27 маусымда № 6138-05 болып тіркелді

      Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұйғыр аудандық мәслихатының "Ұйғыр ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 10 қазандағы № 8-10-52 шешiмiне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:


      "1) Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      қазақ тіліндегі мәтінінде 7-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:


      "1) 9 мамыр – Жеңіс Күні:

      мәртебеcі "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір рет – 450 (төрт жүз елу) айлық есептік көрсеткіш және ай сайын 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш;";

      7-тармақтағы 4) тармақшасы алынып тасталсын;

      9-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:


      "1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік көмек облыс бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып:

      оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда (растайтын құжат болған жағдайда) бір рет – 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдары туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімі – үш ай;";

      9-тармақ 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:


      "3) әлеуметтік маңызы бар аурулардың салдарынан тыныс–тіршілігінің шектелуі деп танылған тұлғалар (отбасы):

      әлеуметтік маңызы бар ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай ай сайын 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұйғыр аудандық мәслихат төрағасының
      міндетін атқарушы С. Ермухаметова