О внесении изменений в решение Уйгурского районного маслихата от 16 октября 2020 года № 6-70-399 "Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Уйгурском районе"

Решение Уйгурского районного маслихата Алматинской области от 26 декабря 2024 года № 8-34-173. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 27 декабря 2024 года № 6199-05

      Уйгурский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести следующие изменения в решение Уйгурского районного маслихата от 16 октября 2020 года "Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Уйгурском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5719) следующие изменения:

      1) пункт 2 указанного решения изложить в следующей редакции:

      "2. Определить границами расстояния не менее 800 метров прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования согласно пункта 5 статьи 9 Закона.";

      2) приложение 1 указанного решения изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата "По вопросам законности и правопорядка, прав граждан, местного самоуправления, сельского хозяйства, земельных отношений, экологии и эффективного использования природных ресурсов".

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Уйгурского районного маслихата Н. Есжан

  Приложение к решению Уйгурского районного маслихата от 26 декабря 2024 года № 8-34-173

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению

Населенный пункт

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний

Нормы их предельной заполняемости

Требования к материально-техническому и организационному обеспечению

1

село Шонжы

Территория Центрального парка на улице Хитбакиева

500 человек

- освещение;
- обеспечение точкой для подключения электроэнергии;
- обеспечение камерой видеонаблюдения и видеофиксации.

2

село Шонжы

Маршрут шествия и демонстрации – от площади Центрального парка по улице Хитбакиева до улицы Алахунова, по улице Алахунова до пересечения с улицей Абая и по улице Абая до улицы Аль-Фараби, по улице Аль-Фараби до пересечения с улицей Хитбакиева и в правом направлении до Центрального парка

500 человек

- вдоль маршрута имеется уличное освещение;
- обеспечение камерой видеонаблюдения и видеофиксации.


Ұйғыр аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 қазандағы "Ұйғыр ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" № 6-70-399 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 8-34-173 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 27 желтоқсанда № 6199-05 болып тіркелді

      Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұйғыр аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 қазандағы "Ұйғыр ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" № 6-70-399 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5719 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген шешімнің 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "2. Заңның 9-бабы 5-тармағына сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары кемінде 800 метр арақашықтықта айқындалсын.";

      2) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы, жергілікті өзін-өзі басқару, ауылшаруашылық, жер қатынастары, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұйғыр аудандық мәслихатының төрағасы Н. Есжан

  2024 жылғы 26 желтоқсандағы Ұйғыр аудандық мәслихатының № 8-34-173 шешіміне қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары және материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Елді мекен

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

Шекті толу нормалары

Материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

1

Шонжы ауылы

Хитбакиев көшесіндегі Орталық саябақтың алаңы

500 адам

- жарықтандыру;
- электр қуат көзіне қосылу нүктесімен қамтамасыз ету;
- бейнебақылау
және бейнетүсірілім камерасымен қамтамасыз ету.

2

Шонжы ауылы

Шеру мен демонстрация маршруты – Орталық саябақ алаңынан Хитбакиев көшесінің бойымен Алахунов көшесіне дейін, Алахунов көшесі бойымен Абай көшесінің қиылысына дейін және Абай көшесімен Әл-Фараби көшесіне дейін, Әл-Фараби көшесімен Хитбакиев көшесінің қиылысынан оң бағытта орталық саябақ алдына дейін

500 адам

- маршрут
бойындағы көшенің жарығы бар;
- бейнебақылау
және бейнетүсірілім камерасымен қамтамасыз ету