О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 11 марта 2020 года № 62/536-6с "Об утверждении Правил содержания животных на территории города Шымкент"

Решение маслихата города Шымкент от 29 августа 2024 года № 20/172-VIII. Зарегистрировано в Департаменте юстиции города Шымкент 9 сентября 2024 года № 221-17

      Маслихат города Шымкент РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата города Шымкент от 11 марта 2020 года № 62/536-6с "Об утверждении Правил содержания животных на территории города Шымкент" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 90) следующие изменения:

      заголовок указанного решения на государственном языке изложить в новой редакции, текст на русском языке не изменяется;

      преамбулу изложить в новой редакции:

      "В соответствии с пунктом 2-2 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" маслихат города Шымкент РЕШИЛ:";

      подпункт 2) пункта 2 на русском языке изложить в новой редакции, текст на государственном языке не изменяется:

      "2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего решения направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемые на территории города Шымкент;";

      в Правилах содержания животных на территории города Шымкент, утвержденных указанным решением:

      заголовок на государственном языке изложить в новой редакции, текст на русском языке не изменяется;

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Настоящие Правила содержания животных (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 27) пункта 1-1 статьи 10 Закона Республики Казахстан "О ветеринарии" (далее – Закон) и определяют порядок содержания животных на территории города Шымкент.";

      в пункте 3:

      подпункты 2), 7), 8), 12) изложить в новой редакции:

      "2) ветеринарная справка – ветеринарный документ, выдаваемый специалистом в области ветеринарии государственных ветеринарных организаций, созданных местными исполнительными органами, на животное, продукцию и сырье животного происхождения, об эпизоотической ситуации на территории соответствующей административно-территориальной единицы, а также ветеринарным врачом подразделения производственного контроля по определению соответствия животных, продукции и сырья животного происхождения ветеринарным нормативам в порядке, утвержденном уполномоченным органом;

      7) владелец животного – физическое или юридическое лицо, которому животное принадлежит на праве собственности или ином вещном праве;

      8) идентификация сельскохозяйственных животных – процедура учета животных, включающая присвоение индивидуального номера животным путем использования изделий (средств) для проведения идентификации, таврения с включением сведений о сельскохозяйственном животном в базу данных по идентификации сельскохозяйственных животных и выдачей ветеринарного паспорта;

      12) домашние животные (животные-компаньоны) (далее - домашние животные) – животные вне зависимости от вида, которые традиционно содержатся и разводятся человеком для удовлетворения эстетических потребностей и потребностей в общении;";

      пункт 19 изложить в новой редакции:

      "19. Владелец животного обязан извещать государственную ветеринарнную организацию, созданную местным исполнительным органом (Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Ветеринарная служба" управления сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкент), орган государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора (Территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республика Казахстан по городу Шымкент):

      о вновь приобретенном (приобретенных) животном (животных), полученном приплоде, его (их) убое и реализации;

      о случаях падежа, одновременного заболевания нескольких животных или об их необычном поведении и до прибытия специалистов в области ветеринарии, государственных ветеринарно-санитарных инспекторов принять меры к изолированному содержанию животных при подозрении в заболевании.".

      2. Государственному учреждению "Аппарат маслихата города Шымкент" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции города Шымкент;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе маслихата города Шымкент после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата города Шымкент Б. Нарымбетов

"Шымкент қаласының аумағында жануарларды асырау қағидасын бекіту туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 62/536-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 20/172-VIII шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2024 жылғы 9 қыркүйекте № 221-17 болып тіркелді

      Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шымкент қаласының аумағында жануарларды асырау қағидасын бекіту туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 62/536-6с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мемлекеттік тілде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Шымкент қаласының аумағында жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-2 тармағына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      2-тармақтың 2) тармақшасы орыс тілінде жаңа редакцияда жазылсын, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген шешіммен бекітілген Шымкент қаласының аумағында жануарларды асырау қағидаларында:

      тақырыбы мемлекеттік тілде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жануарларды ұстау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-1 тармағының 27) тармақшасына сәйкес әзірленді және Шымкент қаласының аумағында жануарларды ұстау тәртібін айқындайды.";

      3-тармақта:

      2), 7), 8), 12) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) ветеринариялық анықтама – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы, жануарға, жануарлардан алынатын өнімге және шикізатқа жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық құжат;

      7) жануардың иесі – жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға;

      8) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi;

      12) үй жануарлары (компаньон жануарлар) (бұдан әрі – үй жануарлары) – қай түрге жататынына қарамастан, адам эстетикалық қажеттіліктері мен қарым-қатынас қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін дәстүрлі түрде асырайтын және өсіретін жануарлар;";

      19-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "19. Жануар иесі жергілікті атқарушы орган құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымға (Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының "Ветеринариялық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын), мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органына (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы):

      жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені туралы;

      жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.".

      2. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов