О признании утратившим силу постановления акимата области Абай от 24 января 2023 года № 15 "Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории области Абай"

Постановление акимата области Абай от 20 сентября 2024 года № 186. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Абай 23 сентября 2024 года № 338-18

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", акимат области Абай ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившим силу постановление акимата области Абай "Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории области Абай" от 24 января 2023 года № 15 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11).

      2. Государственному учреждению "Управление внутренней политики области Абай" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции области Абай;

      2) размещение настоящего постановления на интернет - ресурсе акимата области Абай после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области Абай.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области Абай
      Н. Уранхаев

Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 15 "Абай облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" қаулысының күшін жою туралы

Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 186 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте № 338-18 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Абай облысы әкімдігінің "Абай облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Абай облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы әкімі
      Н. Уранхаев