О внесении изменения в постановление акимата города Семей от 10 ноября 2023 года № 914 "Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в городе Семей"

Постановление акимата города Семей области Абай от 22 октября 2024 года № 965. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Абай 28 октября 2024 года № 357-18

      Акимат города Семей ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата города Семей "Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в городе Семей" от 10 ноября 2023 года № 914 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 168-18) следующее изменение:

      преамбулу данного постановления изложить в новой редакции:

      "В соответствии с подпунктом 4-2) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 264 "Об утверждении Правил внутренней торговли" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11148), акимат города Семей ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Семей
      Н. Нурсагатов

Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қарашадағы № 914 "Семей қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 22 қазандағы № 965 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 28 қазанда № 357-18 болып тіркелді

       Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Семей қаласы әкімдігінің "Семей қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" 2023 жылғы 10 қарашадағы № 914 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 168-18 болып тіркелген) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:

      осы қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" № 264 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген), Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Семей қаласы әкімі
      Н. Нурсагатов