Об утверждении перечня специально отведенных мест для размещения афиш культурных, спортивных и спортивно-массовых мероприятий в городе Каражал

Постановление акимата города Каражал области Ұлытау от 26 июня 2024 года № 35. Зарегистрировано в Департаменте юстиции области Ұлытау 16 июля 2024 года № 136-20

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 1-1) пункта 1 статьи 17-2 Закона Республики Казахстан "О рекламе", акимат города Каражал ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить перечень специально отведенных мест для размещения афиш культурных, спортивных и спортивно-массовых мероприятий в городе Каражал согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Каражал.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Каражал А.Елеусизов

  Приложение к
постановлению
от 26 июня 2024 года
№ 35

Перечень специально отведенных мест для размещения афиш культурных, спортивных и спортивно-массовых мероприятий в городе Каражал

Места

1.

пересечение улиц Ыкыласа Дукенова и Сайдалы Сары Тока

2.

25 квартал, в районе коммунального государственного учреждения "Общеобразовательная школа № 7" отдела образования города Каражал управления образования области Ұлытау

3.

улица Абая, дом № 22, в районе коммунального государственного казенного предприятия "Культурно-досуговый центр поселка Жайрем"

4.

улица Береке, дом № 19а, в районе коммунального государственного учреждения "Общеобразовательная школа № 11" отдела образования города Каражал управления образования области Ұлытау

5.

улица Карла Маркса, дом № 3-2а, бывшее здание филиала коммунального государственного учреждения "Общеобразовательная школа № 7" государственного учреждения отдела образования города Каражал

6.

улица Атасуйская, дом № 2, в районе коммунального государственного учреждения "Общеобразовательная школа № 6" отдела образования города Каражал управления образования области Ұлытау


Қаражал қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы

Ұлытау облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 26 маусымдағы № 35 қаулысы. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 16 шілдеде № 136-20 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Жарнама туралы" Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қаражал қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаражал қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаражал қаласының әкімі А.Елеусизов

  2024 жылғы 26
маусымдағы
№ 35
қаулысына қосымша

Қаражал қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі

Орындар

1.

Ықылас Дүкенов және Сайдалы Сары Тоқа көшелерінің қиылысы

2.

25 орам, Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің "№ 7 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауданында

3.

Абай көшесі, № 22 үй, "Жәйрем кентінің мәдени-сауық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауданында

4.

Береке көшесі, № 19а үй, Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің "№ 11 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауданында

5.

Карл-Маркс көшесі, № 3-2а үй, Қаражал қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің "№ 7 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі филиалының бұрынғы ғимараты

6.

Атасу көшесі, №2 үй, Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің "№ 6 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауданында