Об определении системы мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельской местности, города районного и областного значения области Жетісу, а также порядка и размера оказания им социальной поддержки за счет бюджетных средств

Решение маслихата области Жетісу от 14 февраля 2024 года № 14-84. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Жетісу 15 февраля 2024 года № 138-19

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 12 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" и статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", маслихат области Жетісу РЕШИЛ:

      1. Определить систему мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельской местности, города районного и областного значения области Жетісу, а также порядка и размера оказания им социальной поддержки за счет бюджетных средств согласно приложению к настоящему решению.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на курирующего заместителя акима области (по согласованию).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата Г. Тойлыбаева

  Приложение к решению Маслихат области Жетісу от 14 февраля 2024 года № 14-84

Система мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельской местности, городах районного и областного значения области Жетісу, а также порядок и размер оказания им социальной поддержки за счет бюджетных средств

      1. Уполномоченным органом по выплате социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленных на работу в сельской местности, городах районного и областного значения в подведомственные медицинские организации управления здравоохранения области Жетісу, является государственное учреждение "Управление здравоохранения области Жетісу" (далее - уполномоченный орган).

      Уполномоченный орган в целях кадрового обеспечения организаций здравоохранения:

      - ежегодно проводит анализ дефицита кадров медицинских организаций области и утверждает дефицит кадров на текущий год;

      - принимает заявление на социальную поддержку от медицинских и фармацевтических работников медицинских организаций области Жетісу, после истечения испытательного срока с ходатайством руководителя медицинской организации.

      2. Социальная поддержка выплачивается медицинским и фармацевтическим работникам с высшим медицинским образованием, имеющим соответствующий сертификат специалиста, принятых на работу в медицинские организации области Жетісу финансируемые из государственного бюджета и заключившим трудовой договор с организациями здравоохранения (далее - работодатель), после истечения испытательного срока (3 месяца), с учетом утвержденного дефицита кадров на текущий год.

      3. Социальная поддержка является единовременной помощью работникам, направленным на срок не менее 5 (пяти) лет без учета нахождения в отпуске по уходу за ребенком до достижения им возраста трех лет в сельскую местность, города районного и областного значения области и выплачивается после заключения трудового договора, путем перечисления на лицевой счет работника.

      Меры социальной поддержки не распространяются на медицинских и фармацевтических работников, не исполнивших обязательства по возврату ранее полученных денежных средств в рамках настоящей системы мер социальной поддержки, и (или) с которым прекращены трудовые отношения до истечения установленного трудовым договором срока, предусмотренного для выплат социальной поддержки в соответствии с настоящей системой мер социальной поддержки.

      4. Размер оказания социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников за счет бюджетных средств, направленных для работы:

      1) в сельскую местность области Жетісу 10 000 000 (десять миллионов) тенге;

      2) в города районного и областного значения области Жетісу 5 000 000 (пять миллионов) тенге.

      5. В случае досрочного расторжения трудового договора (до 5 лет) по инициативе работника либо работодателя, работодатель принимает меры по возврату в доход бюджета ранее перечисленных бюджетных средств в течении месяца путем подачи искового заявления в порядке, установленном действующим законодательством Республики Казахстан. Возврат ранее выплаченных денежных средств при досрочном расторжении трудовых отношений, предусматривается в трудовом договоре.

      6. Работодатель не позднее 3 (трҰх) рабочих дней с момента утраты работником права на получение социальной поддержки (в случае расторжения трудового договора) извещает об этом уполномоченный орган.

Жетісу облысының ауылдық жерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 14 ақпандағы № 14-84 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2024 жылы 15 ақпанда № 138-19 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жетісу облысының ауылдық жерлерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына (келісім бойынша) жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Г. Тойлыбаева

  Жетісу облыстық мәслихаты 2024 жылғы 14 ақпандағы № 14-84 Шешіміне қосымша

Жетісу облысының ауылдық жерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

       1. Жетісу облысының ауылдық жерлерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға денсаулық сақтау басқармасының ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдарына жұмысқа жіберілген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге әлеуметтік қолдау төлеу жөніндегі уәкілетті орган "Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.

      Денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган:

      - жыл сайын облыстағы медициналық ұйымдардағы кадр тапшылығына талдау жүргізеді және ағымдағы жылға кадр тапшылығын бекітеді;

      - Жетісу облысының медициналық ұйымдарының медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерінен сынақ мерзімі өткеннен кейін, медициналық ұйымдар басшысының сұрауымен әлеуметтік қолдауға өтініш қабылдайды.

      2. Әлеуметтік қолдау мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын Жетісу облысының медициналық ұйымдарына жұмысқа қабылданған және медициналық ұйымдармен (бұдан әрі – жұмыс беруші) еңбек шартын жасасқан тиісті маман сертификатымен жоғары медициналық білімі бар медицина және фармацевтика қызметкерлеріне сынақ мерзімі (3 ай) өткеннен кейін, ағымдағы жылға бекітілген кадр тапшылығын ескере отырып төленеді.

      3. Әлеуметтік қолдау – облыстың ауылдық жерлеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына кемінде 5 (бес) жыл мерзімге жіберілетін қызметкерлерге бала үш жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты демалысты есепке алмағанда біржолғы көмек ретінде еңбек шарты жасалғаннан кейін, қызметкердің жеке шотына аудару арқылы төленеді.

      Әлеуметтік қолдау шаралары осы әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі шеңберінде бұрын алынған ақшалай қаражатты қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындамаған және (немесе) осы әлеуметтік қолдау шараларының жүйесіне сәйкес әлеуметтік қолдауды төлеу үшін көзделген еңбек шартында белгіленген мерзім өткенге дейін еңбек қатынастары тоқтатылған медицина және фармацевтика қызметкерлеріне қолданылмайды.

      4. Жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері:

      1) Жетісу облысының ауылдық жерлерге 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2) Жетісу облысының аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға 5 000 000 (бес миллион) теңге.

      5. Жұмыскердің не жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты (5 жылға дейін) мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен бір ай ішінде талап арыз беру арқылы бұрын аударылған бюджет қаражатын бюджет кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылдайды. Еңбек қатынастары мерзімінен бұрын бұзылған кезде бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтару еңбек шартында көзделеді.

      6. Жұмыс беруші қызметкер әлеуметтік қолдау алу құқығынан айырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей (еңбек шарты бұзылған жағдайда), бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды.