О внесении изменений в решение маслихата Коксуского района от 4 декабря 2023 года № 15-63 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Коксуского района"

Решение Коксуского районного маслихата области Жетісу от 29 мая 2024 года № 25-104. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Жетісу 31 мая 2024 года № 218-19

      Маслихат Коксуского района РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата Коксуского района от 4 декабря 2023 года № 15-63 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Коксуского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 189584) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Коксуского района, утвержденных указанным решением:

      подпункт 1) пункта 2 изложить в новой редакции:

      "1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;"

      в первом абзаце подпункта 6) пункта 7 цифру "5 (пять)" изменить на цифру "7 (семь)".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата Коксуского района Ж. Бейсенбай

Көксу ауданы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы "Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 15-63 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жетісу облысы Көксу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 мамырдағы № 25-104 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2024 жылы 31 мамырда № 218-19 болып тіркелді

      Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көксу ауданы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы "Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 15-63 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 189584 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;"

      7-тармақтың 6) тармақшасының бірінші бөлігінде "5 (бес)" саны "7 (жеті)" санына өзгертілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көксу ауданы мәслихатының төрағасы Ж. Бейсенбай