О компенсации расходов за питание воспитанников в государственных дошкольных организациях Мангистауской области

Постановление акимата Мангистауского района Мангистауской области от 4 января 2024 года № 1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 9 января 2024 года № 4666-12

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "Об образовании", постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2012 года № 320 "Об утверждении размеров, источников, видов и Правил предоставления социальной помощи гражданам, которым оказывается социальная помощь" и приказом Министра просвещения Республики Казахстан от 31 августа 2022 года № 385 "Об утверждении Типовых правил деятельности организаций дошкольного, среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, дополнительного образования соответствующих типов и видов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 29329), акимат Мангистауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Компенсировать расходы полностью из местного бюджета за питание следующих категорий воспитанников в государственных дошкольных организациях Мангистауской области:

      1) детям-сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей;

      2) детям с ограниченными возможностями в развитии и детям с инвалидностью;

      3) детям из семей, имеющих право на получение адресной социальной помощи и детям из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Мангистауской области.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 сентября 2023 года.

      Аким Мангистауской области Н. Ногаев

Маңғыстау облысының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленушілерді тамақтандыруға кететін шығындарды өтеу туралы

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 1 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 9 қаңтарда № 4666-12 болып тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына және "Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 29329 болып тіркелген) сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында келесі санаттағы тәрбиеленушілерді тамақтандыруға кететін шығындар жергілікті бюджеттен толығымен өтелсін:

      1) жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      2) даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға және мүгедектігі бар балаларға;

      3) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Ногаев