О внесении изменений в решение маслихата от 4 декабря 2023 года № 92 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение маслихата Костанайского района Костанайской области от 8 августа 2024 года № 195. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Костанайской области 19 августа 2024 года № 10258-10

      Костанайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" от 4 декабря 2023 года № 92 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10123-10) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:

      пункт 2 изложить в новой редакции:

      "2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее - Государственная корпорация) - юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;

      2) специальная комиссия - комиссия, создаваемая решением акима района, по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан;

      3) праздничные дни - дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      4) социальная помощь - помощь, предоставляемая местным исполнительным органом в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее - получатели), а также к праздничным дням и памятным датам;

      5) уполномоченный орган по оказанию социальной помощи - местный исполнительный орган района, осуществляющий оказание социальной помощи;

      6) прожиточный минимум - минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины;

      7) среднедушевой доход - доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      8) праздничные даты (далее - памятные даты) - профессиональные и иные праздники Республики Казахстан;

      9) уполномоченный государственный орган - центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в сфере социальной защиты населения в соответствии с законодательством Республики Казахстан, регулирование, контрольные функции за деятельностью Государственного фонда социального страхования;

      10) участковая комиссия - специальная комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно-территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за адресной социальной помощью;

      11) предельный размер - утвержденный максимальный размер социальной помощи.";

      подпункт 8 пункта 6 изложить в новой редакции:

      "8) лицам с инвалидностью всех категорий, для возмещения расходов, связанных с приобретением лекарственных средств и медицинским обследованием, без учета доходов, в размере фактических затрат 1 раз в полугодие, но не более 30 месячных расчетных показателей в год;";

      подпункт 10 пункта 6 изложить в новой редакции:

      "10) гражданину (семье) либо его имуществу, пострадавшему вследствие стихийного бедствия или пожара, без учета доходов, единовременно, в размере 100 месячных расчетных показателей;";

      пункт 12 изложить в новой редакции:

      "12. Социальная помощь к праздничным дням и памятным датам оказывается без истребования заявлений от получателей.

      Категории получателей социальной помощи определяются местным исполнительным органом, после чего формируются их списки путем направления запроса в Государственную корпорацию либо иные организации.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения возникшие с 10 апреля 2024 года.

      Председатель Костанайского районного маслихата М. Сартов

Мәслихаттың 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 92 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2024 жылғы 8 тамыздағы № 195 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 тамызда № 10258-10 болып тіркелді

      Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 92 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10123-10 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия - мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) әлеуметтік көмек - жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган - ауданның әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі - шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс - отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мерекелік күндер (бұдан әрі - атаулы күндер) - Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      9) уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) учаскелік комиссия - атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

      11) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.";

      6-тармақтың 8-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдарға дәрілік заттарды сатып алуға және медициналық тексеруден өтуге байланысты шығындарды өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, жартыжылдықта 1 рет, бірақ жылына 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын нақты шығындар мөлшерінде;";

      6-тармақтың 10-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "10) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне, табыстарын есепке алмай, біржолғы, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Мереке күндер мен атаулы күндеріне орай әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын жергілікті атқарушы орган белгілейді, содан кейін Мемлекеттік корпорацияға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 10 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қостанай аудандық мәслихатының төрағасы М. Сартов